На этой странице анализируются те данные, которые Бакыт сделала общедоступными. Сейчас найдена такая информация о Бакыт Женискызы. Возможно, когда-нибудь она расскажет про себя немного больше.
5 лет 3 месяца 20 дней назад
Мені сүйме, сыйлай білші оданда, Сүю көп те, сыйлау аз ғой қоғамда. Сүйіп тұрып сырқыратсаң сүйекті, Біреу сүйген сыйсыз адам болам да! Мені сүйме, сыйла, жаным, дұрысы, Сыйластықта сезімдердің ұлысы. Сүю деген тым ыстық қой күйдірер, Ал сыйластық жанға жағар жылысы. Мені сүймей, сыйлай білсең болады, Сыйластыққа көңілім де толады. Бұл жүрегім сүйгендерден безсе де, Сыйласқанды ұнатады ол әлі. Сондықтан да сый күтемін сенен мен, Сый арқылы, нәр алайық тереңнен. Сүю деген нәзік сезім, білемін, Сыйластығым одан артық дегенмен. Мені сүйме, сыйлай білші оданда, Қиын емес, үйренесің оған да. Махаббатта сүю керек, түсінем, Сыйлай жүріп, сүйсең қарсы болам ба?