540 posts

1 person reacted
196 views
ГОНКОНГСКИЕ ВОЕННЫЕ БОЕВИКИ

1.Война волков (2015)Show more
2.Война волков 2 (2017)
3.Восточные кондоры (1987)
4.Без компромиссов (1996)
5.Операция «Меконг» (2016)
6.Операция в Красном море (2018)
0 people reacted
86 views
Бүгін Қонаевтың туған күні: "Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады?"
Show more
Бүгін қазақтың біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.

Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жазып, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы 1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған. Ол үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

Бүгінгі туған күніне орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дінмұхамед Қонаевтың нақыл сөздерін оқырман назарына ұсынады.

1. Адам айнасы - адам.

2. Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

3. Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру.

4. Ақиқаттан атап кету — арға сын.

5. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

6. Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

7. Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

8. Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.

9. Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

10. Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

11. Орысты ренжiтсең, Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең, қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.
(Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқаны)

12. Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте

13. Панам да - ел, данам да - ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

14. Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

15. Жалада шындық болмайды.
4 people reacted
156 views
Хуже всего — изображать спокойствие, когда в душе тихонько сходишь с ума.
0 people reacted
76 views
9 Jun 2018
Post deleted
0 people reacted
140 views