Артқан соң бала сенім, Дертімнің дауасы едің, Биік қой бұл өмірде,Show more Қадірің ана сенің. Өмірге қадам мығым Анашым – панам, күнім. Баланың бақыты мен Ойлаған амандығын. Болған соң ұлтқа тірек, Анада құт-қасиет. Білемін ананы мен Әлемнің тұтқасы деп. Сен үшін атқан таң ақ, Тек жалғыз хаққа аманат. Ананы сүю керек Мәңгілік баққа балап!