13 posts

🧕ӘЙЕЛДІҢ МЫНА ІСТЕРІ ЕР АДАМҒА ҚОРЛЫҚ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ:

- ер адаммен дауласу;Show more
- сөзін бөлу;
- жұмыстан үйге келгенде мұңайып қарсы алу;
- үнемі ақыл айтып, дұрыс өмір сүрудің жолдарын үйрету;
- өз-өзіне қарамай, қалай болса солай күтімсіз жүру;
- оның көзінше дауыс көтеру;
- кекетіп сөйлеу;
- достарын жамандау, достарына, туыстарына құрмет көрсетпеу;
- өзге адамдардың көзінше құрметтемеу;
- күнде мін іздеп, орынсыз ұрыс шығару.

🙎🏻‍♂ ЕР АДАМНЫҢ МЫНА ІСТЕРІ ӘЙЕЛГЕ ҚОРЛЫҚ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ:

- оған дауыс көтеру;
- уақытында көңіл бөлмеу, еркелетпеу;
- оның көзінше басқа біреудің әйелін мақтау;
- комплимент айтпау;
- ылғи кемшіліктерін айтып, бетіне баса беру;
- атын бұрмалап, мазақ ету;
- кекету;
- ауыр заттарды көтеруге көмектеспеу;
- жасаған тамағына үнемі сын айту;
- өзінің асыраушы екенін ұмыту.
_____________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #отбасы #ер #әйел #кемсіту #жанұя #татулық
1 person reacted
80 views
Жетпіс екі үлкен күнə:

1. Aдам өлтiру.Show more
2 . Зина жасау.
3. Ливата жасау.
4. Шарап жəне спиртті ішімдіктер ішу. (Пиво ішу харам)
5. Ұрлық жасау.
6. Кайф үшін наркотик қолдану.
7. Бiреудiң дүниесiн күшпен тартып алу.
8. Өтiрiк жерге куəгер болу.
9. Рамазан айында себепсiз адамдардың алдында тамақ жеу.
10. Пайызға ақша берiп, ақша алу.
11. Көп ант iшу.
12. Əке-шешеге қарсы келу, тiлiн алмау.
13. Мұсылман жəне салих болған туыстарымен араласпау.
14. Соғыс уақытында соғыстан қашу.
15. Жетiмнiң дүние-мүлкiн жеу.
16. Сауда-саттықта таразыдан жеу.
17. Намазды уақытынан бұрын немесе кейiн оқу.
18. Мұсылман бауырын ренжiту. (Қағбаны бұзудан да ауыр күнə.
Алла Та’аланы ренжітетін күпірліктен кейін көңіл ренжітуден ауыр
күнə жоқ.)
19. Пайғамбарымыз(салаллаһу ьәләйһи уә сәллам) айтпаған сөзiн айтып, хадис деп жала жабу.
20. Пара алу.
21. Дұрыс куəгерлiктен қашу.
22. Дүние мүлкiнiң зекетiн, ушрын бермеу.
23. Күшi жетiп тұрса да харам, күнə істегендерді көріп кедергі болмау.
24. Тiрi жануарды отқа жағу.
25. Құран Кəрiмдi үйренген соң, оқуын ұмыту.
26. Алла Та’аланың рахметiнен үмiтін үзу.
27. Мұсылман болсын, кəпір болсын адамдарға қиянат жасау.
28. Шошқа етiн жеу.
29. Хазреті Пайғамбарымыздың (салаллаһу ьәләйһи уә сәллам) асхабынан біреуін болса да жаман көру, олар жайында жаман сөз айту.
30. Қарны тойса да тамақ жеу.
31. Əйелдiң күйеуiмен бiрге болмас үшiн үйден безуі.
32. Əйелдiң күйеуiнiң рұқсатынсыз үйден шығып қыдыруы.
33. Əдептi, намысты əйелді зинақор деу.
34. Нəмимə, яғни адамдар арасында сөз тасу.
35. Əурет жерлерiн басқаларға көрсету. (Ер кісінің кіндік пен тізе арасы, əйелдің шашы, қолы, аяғы да əурет жер болып саналады.)
Бiреудiң əурет жерiне қарау да харам.
36. Өлексені жеу жəне бiреуге оны жегiзу.
37. Аманатқа қиянат жасау.
38. Мұсылман адамды ғайбаттау, яғни артынан сөйлеу.
39. Хасед ету, яғни көре алмаушылық.
40. Алла Та’алаға серiк қосу.
41. Өтiрiк айту.
42. Кiбiрлену, тəкаппарлық.
43. Өлейін деп жатқан жанның мирасқорынан дүние-мүлкін қызғануы.
44. Бахылдық, яғни көре алмаушылық, қызғаншақ болу.
45. Дүниеге деген махаббат.
46. Алла Та’аланың азабынан қорықпау.
47. Харам нəрсенi харам деп санамау.
48. Халал нəрсені халал деп сенбеу.
49. Балгерлердің айтқанына, ғайыптан беретін хабарларына сену.
50. Дiннен шығу, мүртəд болу.
51. Бiреудiң əйелiне, қызына себепсіз қарау.
52. Əйелдердің еркек киiмiн киюі.
53. Еркектердің əйел киiмiн киюі.
54. Қағбада күнə iстеу.
55. Уақытынан бұрын азан айтып,намаз оқу.
56. Ел басқарушылардың бұйрықтарына, заңдарына қарсы шығу.
57. Əйелiнiң əурет жерлерін өзiнiң анасының əурет жерлеріне ұқсату.
58. Əйелiнiң, анасын балағаттау.
59. Қарумен бір-бірін дəлдеу.
60. Иттен қалған жуындыны iшiп-жеу.
61. Жасаған жақсылығын мiндетсiну.
62. Еркектердің жібектен киім киюі.
63. Сауатсыздықта аяқ тіреп тұру. Жахылдықтан қайтпау. (Əһли-
cүннетке сай сенімді, фарздарды, харамдарды жəне қажет болған
білімді үйpенбеу.)
64. Алла Tа’аланың атынан жəне исламның рұқсат берген
есімдерінен басқа нəрселермен ант iшу.
65. Бiлiм үйренуден қашу.
66 Сауатсыздықтың (надандықтың) зиян, жаман екендiгiн аңғармау, түсінбеу.
67. Кішкентай күнə iстеуді жалғастыру, одан тартынбау.
68. Ешқандай себепсіз, яғни ешқандай мəжбүр етілмесе де,қарқылдап күлу.
69. Бір намаз уақытын өткізіп жіберетіндей уақыт жүнiп болып жүру.
70. Əйелдiң хайз немесе нифас (босанғаннан кейінгі) халiнде жақындасу.
71. Тағанни ету. Əдепсiз өлеңдер айту, музыка аспаптарын қолдану.
72. Өзін-өзі өлтіру, өз өміріне қастандық жасау.

Намаз кітабы/Даярлаған: Хасан Яваш. - Алматы:
Н 20 «Euro Print» ЖШС. 2011- 167-169 бет.
1 person reacted
71 views
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МАХАББАТЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ҮШ ДҰҒА🤲

*************Show more

Махаббат деген аяулы сезімді жүрегінде тербетіп, өмірін сүйіспеншілік пен сыйластыққа көмген ерлі-зайыптылардың өмірі кім-кімді болса да сүйсіндірмей қоймайтыны анық. Мұндай адамдар үшін өмір – нағыз бақыттың базары! Иә, ешкім ертең ажырасамын деп үйленбейді, ешқандай қыз орта жолда жалғыз қаламын деп тұрмысқа шықпайды.
Онда неге кейде сезім суып, сыйластық әлсіреп, екі жастың жолы екіге айырылып кетеді?
Бір ысып, бір суып тұратын махаббатты қалай тұрақтандырамыз? Отбасын сақтау үшін қандай дұға оқуымыз керек?

******************

✅БІРІНШІ.
Ең алғаш неке қиған күннен бастап-ақ осы бір маңызды нәрсеге мән беруге үндеген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жақындасқысы келгенде: «Алланың атымен, иә, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет» - деп айтса, әрі сол түні ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, онда шайтан оларға ешқашан зиян тигізе алмайды”, - деген.
ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ:
«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәннибнаш-шайтана уә жәннибиш-шайтана ма разақтана»
اللَّهُمَّ جَنِّبْنَا الشَّيْطَانَ وجَنِّبِ الشَّيطَانَ ما رَزَقْتَنَا
Демек, отбасындағы береке мен махаббаттың тұрақты болуы үшін неке қиған ерлі-зайыптылар алғашқы күннен-ақ Алла Елшісі ﷺ үйреткен жолмен жүріп, шариғатқа сай әрекет етуі керек.

*****************

✅ЕКІНШІ.
Сахабалардың бірі ибн Масъудқа (р.а) Алла Елшісі ﷺ мына дұғаны үйреткен:
اللَّهمَّ ألِّفْ بَيْنَ قلوبِنا وأصلِحْ ذاتَ بَيْنِنا واهدِنا سُبُلَ السَّلامِ ونجِّنا مِن الظُّلماتِ إلى النُّورِ وجَنِّبْنا الفواحشَ ما ظهَر منها وما بطَن اللَّهمَّ احفَظْنا في أسماعِنا وأبصارِنا وأزواجِنا واجعَلْنا شاكرينَ لنعمتِكَ مُثْنِينَ بها عليكَ قابلينَ بها فأتمِمْها علينا
***************************
Аллаһуммә әллиф бәйна қулуубина, уә аслих зәтә бәйнина, уәһдинә субуләс-саләми, уә нажжинә миназ-зулумати илән-нур, уә жаннибнәл-фәуәхиша мә заһәра минһә уә мә бәтанә, уә бәрик ләна фи әсма’ина уә абсарина уә қулуубинә уә әзуажина уә зурриәтина. Уә туб ъаләйна, иннәкә Әнтат-таууабур-рахим. Уәжъалнә шәкирина ли ниъмәтика, муснина биһә уә қабилиһә уә әтиммәһә ъаләйна

МАҒЫНАСЫ: Иә, Алла, біздің жүрегімізді біріктіріп, қарым-қатынасымызды түзей гөр. Бізді қараңғыдан жарыққа шығарып, бейбіт жолмен жүргізе гөр
Бізді жасырын және жария болған барлық ұятсыздықтан алыстата гөр. Естуімізді, көруімізді жақсартып, жүрегімізді және жұбайларымыз бен ұрпақтарымызды туралыққа бағытта. Біздің тәубемізді қабыл ет, шынында Сен – Тәубені қабыл етуші әрі Мейірімдісің. Бізді нығметтеріңе шүкір етушілерден қыл, оларды толық алушылардан етіп, сол үшін мақтау-мадақ айтатындардан ет және оны бізге толықтырып бер.
(Әбу Дәуд 969, әл-Хаким 397, Табарани)

************************

✅ҮШІНШІ.
Ерлі-зайыптылардың сезім отын тұтататын үшінші дұға мынадай:
Раббә-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри-иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттәқии-нәә имәәмәә.
رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا
МАҒЫНАСЫ: Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!
Бұл дұға қасиетті Құрандағы «Фұрқан» сүресінің 74-аятында айтылған.
Міне, бұл - ерлі-зайыптылардың махаббатын арттыруға арналған үш дұға.
Пенденің жүрегі – Алланың қолында, Ол оны қалаған жағына қарай бұра алатыны хадисте айтылған. Сондықтан сүйіспеншілік пен махаббатты сақтап қалуға тырысқан ерлі-зайыптылар соған сай әрекет жасап, еңбектене жүрумен қатар, осы дұғаларды айтып, Алладан жәрдем тілей жүргені дұрыс. Денеміз жасушалардан құралғандай, кез келген мемлекет отбасылардан тұрады. Отбасылардың беріктігі – отанымыздың беріктігі!
Ендеше, қазақтың еш шаңырағы шайқалмасын, әр ордасы бақыт пен шаттыққа толы болсын деп тілейміз.
________________
#отбасы #асыларна #семья #маxаббаттыарттыратындұға #жанұя #дұға
0 people reacted
50 views
"ЕШКІМГЕ КӨРСЕТПЕЙ ЖЕП АЛ"

Баяғыда Құдай қосқан екі көрші болыпты. Екеуі де бір ауылдан шыққан, жас аралықShow moreтары да құралпылас замандастар екен. Балалары да бір мектепке барып, үйдің алдындағы кішкентай аулада бірге ойнайтын көрінеді. Бірақ әлгі көршілердің біреуі баласына үнемі:
- Балам, велосипедіңді ешкімге бермей өзің ойна. Олар бекерге сындырып тастайды.
- Балам, мынаны ешкімге көрсетпей жеп ал.
- Балам, оларға есеп шығарып берме. Шаршап қаласың.
- Түскі асыңды өзің же. Қарның ашып қалады. Олар өздері алып жесін.
- Ойыншықтарыңды ешкімге берме. Ертең таппай қаласың, - деп отырады екен.
Ал екінші көршісі керісінше жеті жастағы ұлына үнемі:
- Балам, мектепте тамақ сатып алсаң, қасыңдағы досыңа да бөліп бер. Кішкентай болса да жесін. Саған қарап қызығып қалмасын.
- Велосипедті кезектесіп тебіңдер. Ол саған қарап тұра ма? Обал ғой.
- Ойыншықтарыңды өзің ғана ойнай бермей анда-санда қасыңдағыларға да беріп тұр.
- Түскі ас алар кезде достарыңның ақшасы жетпей қалса, сен бере сал, - дейді екен.
Сөйтіп, не керек, әлгі екі көршінің балалары ер жетіп, өз қолдары өз ауыздарына жететін жасқа келеді. Екеуі де оқу бітіріп бір-бір әулетке еге болады. Қызметке тұрады.
Балам, «велосипедті кезектесіп тебіңдер» деп үйреткен әкенің баласы айналасына сіңімді, туыс-туғанына қайырымы мол, жұғымды жігіт болады. Әріптестері елгезектігі, мәрттігі, кішіпейілдігі үшін сыйлайды. Ал әлгі «Балам, ешкімге көрсетпей жеп ал» деп тәрбиелеген әкенің баласы қара басының қамын күйттегіш, ешкімге пайдасы жоқ, сараң, әр нәрсеге сынғыш күйгелек болып өседі.
Біз бұл мысалдан нені аңғарамыз?
Бала – біздің айнамыз. Біреудің бүгінгі бейнесі – кешегі үйіндегі тәрбиенің жемісі. Біз қоғамды өзіміз жасаймыз. Сондықтан болашағының баянды болуын қалаған ел ұрпағының ұлағатты болуына мүдделі болуы керек.
_______________________________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #тәрбие #қоғам #елертеңі #тыныштық #балатәрбиесі #мысал
0 people reacted
117 views
СОЛ СӨЗДІ ӨЗІҢНІҢ АНАҢ АЙТСА ШЕ?..

Қоғамда енені жаман қылып көрсету белең алғаны соншалықты, қыз бала тұShow moreрмыс құруға ниет еткен кезінен-ақ болашақ енесі туралы уайымдай бастайды. Ал шынында солай ма? Ол да ана, сен таңдаған адамды осы уақытқа дейін өсіріп, бағып, тәрбиелеген, мейіріміне бөлеп, құшағына алған адам емес пе?
Мысалы, оң босағада жүрген кезіңде саған өз анаң талай рет ұрсады. Сөгеді. Титығыңа тиетін сөз айтады. Қимылыңды жақтырмайды. Киіміңе ескерту жасайды. «Ыдыс жу» дейді, кейде құрбыларыңмен бірге қыдыруға рұқсат бермей, үй тазалатып қояды. Бірақ «енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» демекші, анаңның айтқанына түсіністікпен қарайсың. Бұртисаң да оны жек көре алмайсың. Ол сенің үйренгеніңді, піскеніңді қалағандықтан, осы істі жүктеп жүргенін іштей сезесің. Сөйтесің де, барлығына жеңіл, атүсті қарайсың.
⚡
Ал енең бір күні «Мына киімдер неге шашылып жатыр? Неге қарамайсыңдар? » дей қалсыншы. Дереу көңіліңнің аспанын бұл торлап, көкейіңе өксік тығылады. Неге?
Себебі, бізде енені жау көретін түсінік әбден орнығып қалған. Барлық нәрсе адамның ниет-пиғылына, қалауына байланысты. Қалауын тапсаң қар жанбаушы ма еді? Ендеше, енең көңіліңе келер сөз айтса, бірден өкпелей салуға асықпа. «Осы сөзді анам айтса ше? Дәл осы сөзді өз анам айтса не істер едім? Осылай ренжитін бе едім?» деп ойла. Сол кезде Алланың қалауымен бәрі де оңай шешіледі!
__________________________________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #отбасы #үйлену #жасотбасы #ене_мен_келін #ана #татулық #жанұя #жаскелін
0 people reacted
106 views