- Әкең жазғырған кезде, сені ешуақытта жек көрмейді;
- Әкең қысым көрсетіп, мәжбүрлесе саған ең жақсыны қалағаны;
- Әкеңнің үнсіз тұрғаны, сенің болашағың жайлы ойлағаны;
Show more
- Саған үнемшілдік етсе, демек өзіне мүлдем қалмағанын біл;
- Күрсінген кейпін көрсең, оның себебі сен;
- Жүзінен күлкі көрсең, оны бақытты еткен сен;
- Қатал бола бастаса, ақыл-кеңесіне құлақ түрмегенің;
- Бөлменің есігін кілттеп алса, көзіне жас алғаны;
- Әкеңе дауыс көтерген күні, оны өлтіргеніңді біл;
- Өмірде жол таппай адаса бастасаң, әкеңді ашуландырғаныңды біл;
- Әкең төсекте сөйлемей, аяғын созып жатқанын көрсең, үлкен тірегіңді жоғалтқаныңды және оның орнын ешбір естелік баса алмайтынын біл.