16 Oct 2016photo updated
12 people reacted
Өте керемет уағыз. Абдуғаппар Сманов:
0 people reacted
Тұрып су ішу – қауіпті!

Ғалымдар тұрып су ішудің адамға өте зиянды екенін анықтады. Сөйтсе, асқShow moreазан адамның отырып тұрған күйіне қарай өзгеріп отырады екен. Яғни, адам тұрғанда не отырғанда асқазаны түрлі пішінге енеді. Адам тұрып су ішкенде су тікелей тоқ ішегіне өтіп кетеді екен. Былайша айтар болсақ, тұрып ішкен судың азқазанда тоқтамағандықтан адам ағзасына еш пайдасы болмайды. Ал су адам денсаулығына өте пайдалы дүние. Егер суды отырып ішетін болсаңыз, су асқазанда жиналып, ол жерде асқазан қышқылымен араласып, микроптарды өлтіріп барып тоқ ішекке өтеді. Бұл жағдайда адам холера секілді, басқа да түрлі аурулардан сақтанған болады.

Бұл медициналық жаңалықты осыдан он төрт ғасыр бұрын Пайғамбарымыз (с.а.у.) да ескертіп кеткен. Тек біз оны ескере бермейді екенбіз. Ардақты Елшіміз (с.а.у.) мұсылман үмбетін тұрып су ішуден тыйған. Сахаба хазіреті Әнас былай дейді: «Расулалла, (с.а.у.) тұрып су ішуге тыйым салды. Мен Пайғамбарымыздан: «Ал тұрып тамақ жеу ше?», – деп сұрадым. Ол: «Бұған да қатаң тыйым салынады. Тұрып тамақ ішу су ішуден де жаман», – деп жауап берді».

Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.а.у.): «Байқаңдар, тұрып су ішпеңдер. Егер араларыңда кімде кім ұмытып ішіп қойған болса, дереу құссын», – деген. Міне, бұл хадистер тұрып су ішіп, тамақ жеудің қаншалықты зиян екенін аңғартса керек.

Ал адамның тұрған не отырған күйіне байланысты асқазанның өзгеріп отыратынын да Сүйікті Пайғамбарымыздың хадисінен білеміз. Пайғамбарымыз тамақ ішу әдебінде «Тамақтың үштен бірін суға, үштен бірін тамаққа, үштен бірі ауаға қалдыруды» өсиет еткен. Егер адам дастархан басында бір аяғын бүгіп отыратын болса, асқазаны үш бөлікке бөлінеді екен. Міне, осылай тамақ ішу мұсылманға сүннет. Яғни, Пайғамбарымыздың тамақ ішкенде сол аяғын жамбасының астына жіберіп, оң аяғын бүгіп отыруы осыдан.

Міне, қаншама ғасырдан кейін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп жатқан мұндай жаңалықтар мұсылман үшін әсте жаңалық емес. Тек сырын ұғып, хикметіне ой жүгірте білсек болғаны.
0 people reacted
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ СУҒА ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ...

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдықShow more немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек?

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!..

Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ!.

Біріншіден телефондағы батареяны алып тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу ықтималдылығы жоғары болады.Телефонды үрлеп, оны орамалмен құрғатып сүртіп алған жөн.Телефонды бірнеше сағатқа күріші бар тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.Телефонды күріші бар тәрелкеден алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз. Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.Егер сіздің телефоныңыз батпаққа немесе унитазға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз.

ҚАБЫРҒАҢЫЗҒА САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ, КЕРЕК БОЛАДЫ!
0 people reacted
3 Sep 2016
Post deleted
0 people reacted