Мен ойлаймын.Ойлаймын.Нені ойлаймын,
Сені ойлаймын, жо-жо-жоқ, оны ойлаймын,
Оны ойлаймын дегенге, түнермеші,
Show more
Жиі-жиі саған да қарайлаймын.
Сені ойлаймын. Ойлаймын. Шамда ойлаймын,
Зауза жұлдыз өшпеген таңда ойлаймын,
Таңда ойлаймын дегенге, өкпелеме,
Таң атарда ең жақын жанды ойлаймын.
Ойланамын. Сен емес, ой қасымда,
қасымда ойым апта мен ай қасымда,
алты күліп, жетінші жəудірейді,
желкен көңіл кеуденің қоймасында.
Күлімдеймін кей-кейде жол үстінде,
мұңаяр ма сал жігіт ер үстінде,
Ер үстінде мұңаяр сері жігіт,
Қапелімде етігін теріс кисе.
Батыр