Қош келдің, 25-ші көктемім!
Қырықтың жартысы деп 20 жасымда жылап едім, елудің жартысына кеп бүгініме шүкір деп отырмын. (Қыз өсіп, ақыл кіргееен
)
25 ке келіп жеткен ең үлкен жетістігім де осы ақылым толысқаны шығар
Артқа қарасам, өкпешіл, жылауық, ештеңеге көңілі толмайтын, бала позициясынан әлі шыға алмай жүрген, өмірден бір сиқыр күтетін, ертегіге сенетін деп қуып кетсең
Вобщем сол бәріне өкпелі қызды көрем...
Ал қазір, Аллаға шүкір, 180° өзгерте алдым. Өзімді, ойымды, санамды, көзқарасымды... Ин Ша Аллаһ өмірім де өзгеруге жақын тұр, чую
Оңай болған жоқ, әрине! Көл боп төгілген көз жастар, нәтижесіз бастамалар, әрекетсіз жоспарлар, терең трансформациялар, аяқталмаған мақсаттар...т.б. сол баяғы әкесінің ерке, кішкентай қызын үлкен адам етуде!
Ол қыз қазір:
- аяулы ана;
- сүйікті жар;
- ақылды келін;
- тәрбиелі қыз;
- саналы адам...(түүһ, не дит
)
Өстім екен деп, саналымын деп еркелігімнен, қылықтылығымнан бас тартатын ойым жоқ, сраазу айтайын
25 жыл өмірді кезіп келем...
29.04.22









Ол қыз қазір:
- аяулы ана;
- сүйікті жар;
- ақылды келін;
- тәрбиелі қыз;
- саналы адам...(түүһ, не дит




29.04.22