11 people reacted
☝Қымбат киім қуып кетпе - өлгенде екі метр мата ғана бұйырады.

☝Қымбат көлікке құмартпа - оған мініп жұмаққа бара алмайсың.

☝Зəулім үй саламын деп əуреге түспе - түсер жерің жердің асты.

☝Сəнді телефоныңмен мақтанба - телефоның мəңгі байланыс аясынан тыс жерге баратыныңды ұмытпа.

☝Ақшасына қарап дос таңдама - ертең соңғы сапарға шығарып салуға шын достарың ғана келеді.

☝ Өмірді қатты сүйме - өмір сүю үшін емес, сынақ үшін беріледі.

☝ Өзіңе пайда əкелетін тірліктеріңді бітіріп, мешітке келгенде"уақыт жоқ" деме. Тірліктерің тірі кезіңде пайда берсе, мешіттегі тірлігің о дүниеңе пайдасы мол.

☝ Қарыз алғанда ең бірінші соны қайтаруға тырыс. Құтылып үлгере алмай қалуың мүмкін...

☝ Өзіңді қатты жақсы көрме. Махаббатыңмен айналаңдағылармен де бөліс.
0 people reacted
6 people reacted
8 people reacted
Post deleted
1 person reacted