Сұрақ-жауап...
– Жазда бетті күн көзінен қалай қорғауға болады?

– Жазда күн көзінен қорғайтын SPF 15, SPF 20, SPF 25 нөмірлі иісмайларды міндетті түрде жағып жүру қажет. Және оны әрбір екі сағатта жуып тастап, қайта жағып тұру керек. Өйткені, күн нұры теріні қартайтып, тотықтырып жібереді. Екіншіден, дақ түсіреді. Ал қыста суықтан қорғау үшін құрамында белогы бар, майлы иісмайлар жаққан жөн.

– Бетті сабынмен жумау керек. Сабын бетті қартайтады дегенді естіп жатамыз. Осы дұрыс па?

– Ол – рас. Майлы теріні сабынмен жуып, бетті құрғатуға тырысу керек.. Ал проблемалы тері мен құрғақ теріге сабын қолдануға мүлде болмайды. Сабын бетке әжім түсуін тездетеді. Проблемалы, құрғақ терілерге дымқылдық беретін сұйық сабындар пайдаланған абзал. Қазір заман дамыды ғой. Бетке арналған әртүрлі сұйық сабын, гель, пена, скраб, молочко дегендер шықты. Бірақ оларды қолданғанда көз айналасына тигізбеу қажет. Көз айналасын арнаулы ласоньмен сүртеді.

– Бетке әжім түсіп қартаймаудың алдын қалай аламыз сонда?

– Әжім бетті көп опалағаннан да түседі. Бетіне сағат сайын опа жағатын қыздар бар. Ол – дұрыс емес. Ерте әжім түсу генге байланысты. Бетті қартайтпайтын гимнастикамен айналысқан жөн. Ол дегеніңіз – аптасына бір рет қара терге түскенше билеу, бассейнге түсу, жұмасына бір рет моншаға барып, денені буға ұстап, тері клеткаларын ашу. Бетті булау микроскоппен әрең көруге болатын терідегі ұсақ тесіктерді ашады. Екіншіден, терінің дымқылдығShow moreын арттырады. Моншада бетті булаған соң міндетті түрде суық сумен шайған абзал. Кешке бір мезгіл бетке минералды су шашып отырса, бетті дымқылдандырып, табиғилық сыйлайды. Сондай-ақ минералды суға лимонның суы мен сүт қосып бетке шашып, одан шапалақтау әдісімен массаж жасаған пайдалы. Күнделікті жатар мезгілде минералды су шашып немесе бетті жуып жатқан дұрыс. Теріңіз жас көрінсін десеңіз, кешке қарай майлы тамақ жеуді азайтыңыз. Өте қызыл, ащы шай да ажарыңызды бұзады. Тәттіден де қыздардың өзін шектегені дұрыс. Бетім таза болсын десеңіз – күніне 2 литрге жуық су ішіңіз. Күнделікті ас құрамыңызда судың мөлшері көп болсын.

– Ал көз айналасына қандай күтім қажет?

– Күнде кешкілік көз айналасына арналған иісмай жағып, 5-10 минут қолдың салмағын түсірмей массаж жасап тұрған жөн.

– Бетке күндіз иісмай жағып жүреміз. Жатар мезгілде де иісмай жағып жатамыз. Бұл дұрыс па әлде тері түнде бір уақыт демалуы керек пе?

– Кез келген иісмай терідегі ұсақ тесіктерді жауып тастайды. Түнде негізінен бетке ештеңе жақпай демалдыру керек. Бірақ құрғақ теріге иісмай түнгі мезгілде де міндетті түрде қажет. Мұндайда аптасына бір уақыт бетті түнде демалдырса болады. Құрғақ теріге банан мен балды жұмыртқаның сарысымен араластырып жақса пайдалы. Бұл масканы күнделікті істесе де артықтық етпейді. Тәтті қауынның қабығымен сүрту беттің құрғақтығын жояды. Майлы теріге лимон мен жұмыртқаның ағын жағып, қиярдың қабығымен сүртсе болады. Бойжеткендер бетіне күтім жасайды да, мойны мен қолына мүлде қарамайды. Қарасаң беті мен мойнының өңі екі түрлі. Ол дұрыс емес. Иісмай жағып, маска жасағанда мойын мен қолды да ұмытпау керек. Кешке мойынға иісмай жағып, төменнен жоғары, жоғарыдан төмен мойынды 10 минут ысқылап массаж жасаған пайдалы. Сонда мойын терісі өңін жоғалтпайды.

– Ал бетті қалай ағартуға болады?

– Ол үшін алманың суын қысып шығарып, оған лимон мен бал, 1 ас қасық ұн қосып, қою етіп араластырып, бетте 30 минут ұстаса, бет біршама ағарады. Сүзбе жағу да дұрыс. Күрішті қайнатып, күріштің суын ішсе де бет ағарады. Ешқашан жылтырамайтын, тотыққан терілерге бетті тазалап жуғаннан кейін күріштің суына бал қосып маска жасап, оны дәкемен 30 минут тартса, бетке дымқылдық пен ажар сыйлайды.

– Қазір қыз-келіншектер салонға барып, бетіндегі, мұрнының үстіндегі түкті алдыртып тастап жатады. Осы дұрыс па?

– Түкті алдырмаған жөн. Өйткені, түк беттің қорғаныс қабілетін сақтайтын перде рөлін атқарады. Түгін алып тастаған тері суыққа да, ыстыққа да, әртүрлі сыртқы факторларға төзімсіз келеді.

– Көп адамның мұрнының үстіне, мұрын айналасына қара нүктелер шығады. Ол неліктен?

– Ол терінің май құрамы көп болғаннан болады. Тері таза жуылмаса да, тері порлары кеңейіп кетсе де, мұрын айналасына қара нүкте шығады.

– Көктем кезінде бетіне ақтаңдақ шығатындар болады. Ақтаңдақтың емі бар ма?

– Көктемде табиғаттың түлейтіні сияқты адамның терісі де түлейді. Ақтаңдаққа мен жаңа айтқан маска бал, жұмыртқаның сарысы, банан үшеуін араластырып жақса пайдалы.

– Қазір бойжеткендердің көбі бетін ай сайын салонға барып тазартып жатады. Ал енді біреулер бетімді тазалатсам, химиялық заттармен бүлдіріп, зиян келтіріп аламын ба деп қорқады. Салонға барып бетті тазалатқан қаншалықты орынды?

– Бетті тазаласа бет терісі бүлінеді дегенге дәрігер-косметолог ретінде келіспеймін. Салонға келіп бетін өмірі тазалатып көрмеген қыз бен бетін үнемі тазалатып тұратын бойжеткеннің бетінде едәуір айырмашылық болады. Бүгінде медицина да, косметология да дамыды. Химиялық заттармен бетімді күйдіреді дейтін қорқыныш жоқ. Қазір салондардың бәрі бетті шөптерден жасалған косметика арқылы тазалайды. Ол беттің қан айналымын жақсартады. Екіншіден, микроскоппен ғана көруге болатын тері тініндегі қажетсіз заттарды алады. Одан бет жалтырап, сергек күйге енеді. Кейде қыздардың қорқатынындай-ақ бар. Кейбір салондарда беттегі дақ пен безеуді пилингпен күйдіріп, адамның бір қабат терісін сылып түсіреді. Бұл – зиян. Бір қабат теріні ерітіндімен күйдіру – ол сонау 1992 жылғы әдіс. Күйдіргеннен кейін адамның беті таза, әдемі болып жүреді. Ал бір айдан кейін дақ пен безеу қайта шығып, тіпті көбейіп кетеді. Өйткені, адамның терісі үш қабат қалыңдықта. Бір қабатын сылып тастаған тері өзінің қорғаныс қабілетінен айырылады. Әрі безеу мен дақты алдырып тастаймын деу бос әурешілік. Ол үшін ішкі органдарды емдеп, дұрыс тамақтануды жолға қоя білу керек.

– Беттегі қара дақ неден болады сонда? Бір танысым 25-ке де жетпей бетіне дақ шығып, дақтан құтыла алмай жүр…

– 25-тен өткеннен кейін бетке дақ шығуы қалыпты құбылыс. Ал 25-ке жетпей дақ шықса, ол денсаулықта бір кінәраттың бар екенін сездіреді. Бетке дақ шығуының бірнеше себебі бар. Дақ қан аздықтан да болады. Қыз-келіншектердің етеккір циклі бұзылып, дұрыс келмесе, содан да дақ шығады. Қара дақ беттің құрғақтығынан да шығады. Ет пен терінің арасында су құрамы аз болса, дақ пайда болады. Сондай-ақ ағзаға қандай да бір дәрумендер жетіспегеннен де дақ шығады. Кейде адам күн көзінде көп жүрсе, содан пайда болуы мүмкін. Бетіне дақ шыққан қыздарға С дәрумені жетіспейді. Сондықтан С дәрумені бар тағамды көбірек жеу керек. Айран мен иогурттың құрамында С дәрумені бар, айранды көбірек ішу қажет. Дақ құрғақ, қамыр тағамдарды жей бергендіктен де болады. Күнделікті тағам құрамында көкөніс, жеміс-жидектер болғаны дұрыс. Бетінде дағы бар жандар қуырылған, ащы тағамдарды аузына алмағаны абзал. Дақтан құтылуға болады. Ол үшін дәрігер-косметологтың қабылдауында болып, ешбір қоспа қосылмаған, шөптен жасалған табиғи косметика пайдалану керек.

– Қазір бетіне рең беруші иісмай (тональный крем) мен опа жақпайтын бойжеткен кемде-кем. Бетке күнделікті рең беруші, ағартқыш дүниелерді пайдалану зиян емес пе? Сосын рең беруші иісмай көбірек зиян ба әлде опа ма?

– Бетке рең беретін иісмайдың зияны жоқ. Адамның бір бетіне рең беруші иісмай, опа жағып, бір бетіне жақпай үш сағат далаға жіберейік. Үш сағаттан соң қарасаңыз, боялған бет сергек боп тұрады. Оның себебі – иісмай мен рең беруші бетмай теріні әртүрлі заттардан, күннен, желден қорғайды. Қорғаушы перде қызметін атқарады былайша айтқанда. Бетті бояу – ең алдымен теріні қорғау. Екіншіден, сұлулыққа ұмтылу, үшіншіден – жастықты сақтап қалуға тырысу. Бояну да – мәдениеттілік, адамның өзін-өзі сыйлауы. Бояну үшін де білім керек. Өйткені ол бояу сенің теріңе келе ме, келмей ме, бояу неден жасалған – мұның бәрін білген дұрыс. Боянудың да өзіндік мәдениеті бар. Ол енді бөлек әңгіме. Ал бұл жолы айтарым – бетіне күтім жасап, сұлулыққа ұмтылу әркімнің өз қолында!
2 people reacted
Пайдалы кеңестер

Пайдалы кеңестер қашан да артық болмайды деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды керегіңізге жаратарсыз деген үміттеміз.

1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.

2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.

3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.

4. Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсылап жуылады.

5. Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.

6. Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.

7. Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.

8. Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.

9. Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.
Show more
10. Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.

11. Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.

12. Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.

13. Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі:

а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс;

ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды;

б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн;

в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.

14. Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.

15. Балды дұрыс таңдау тәсілі:

а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады;

ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді;

б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.
0 people reacted
Қарапайым да пайдалы кеңестер

• Өзіңнің қалауыңнан ақша аяма.
• Кінәлі болсаң – оны бірден айт, өзіңді ақтауға тырыспа.
• Өмірде тек өзіңе ғана сен.
• Ешқашан дауласпа.
• Бірдеңе керек пе? Сұра.
• Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр.
• Түсінікті болғың келсе, түсіндір.
• Ұнай ма – айт.
• Түсініксіз болса – сұра.
• Ақымақтармен араласпа.
• Бос сөйлеме.
• Адамның проблемалары оның бойында емес, оның басында.
• Қоршаған әлем жақсы да, жаман да емес. Сенің барың да, жоғың да оған бәрібір.
• Әрбір оқиғадан қуанышты әсер алуға тырыс.
• Бүгін өмір сүр, кешегі күн кетті, ертеңгі күн болмауы да мүмкін.
• Өмірдегі ең басты нәрсе махаббат, қалғаны құр жүріс.
• Теледидарға телмірме.
• Сен ешкімге ештеңе қарыз емессің.
• Саған да ешкім ештеңе қарыз емес.
• Саясатпен айналыспа, саясат адамды қатыгез етеді.
• Әркімнің өз шындығы бар, біреудің шындығы сенікіне сай келмейді.
• Уәдеге емес, өзіңнің сезіміңе сен.
• Әйелдермен аралассаң, шыдамды, кешірімді бол.
• Барлық әйелдерді аяп жүр, олардың өмірі сенен қиынырақ.
• Көңіл күйің нашар болғанына да қуан. Егер өліп қалсаң, ол да болмайды.
• Бүгінгі күн – өміріңдегі ең жақсы күн.
2 people reacted
Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иістер
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хощ иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз.Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз — бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабылетін жақсартады. Сондай-ақ, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі.

4. Қол жұмысын ауыстыру
Әдетте тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба — ауыстырыңыз. Тамақты сол қолмен жейсіз бе — ауыстырып көріңіз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз.

5. Жаңа гардероб
Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың аатуынша, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.

6. Ымдау және қимылдармен түсіндіру
Сөзбен емес, қолдарыңыздың көмегімен әңгіме айып көріңіз. ТүShow moreсінбегендерге түсіндіруге тырысыңыз.

7. Жаңа жол
Жұмысқа таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз (қайтыңыз). Ол жол алыс болса, тіптен жақсы, мидың жұмысына пайдасын тигізіп қана қоймай, денеге жаттығу болады.

8. Өзіңізге деген сенімділік
Үнемі өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті сіз жақсы білмейтін қызметті ұсынса да, келісе беріңіз. Сіз бәрін дұрыс білмей тұрғанда ми белсенді қызмет атқарып, бір амалы табыла кетеді.

9. Стандарттан тыс жауаптар
Жауабы қалыпты сұрақтардың өзіне басқаша жауап беруге тырысыңыз. Мысалы, «қалың қалай?» деген сұраққа өте ұзақ әрі креативті қылып жауап беруге болады. Таптаурын болған әдеттерден арылыңыз7

10. Тиындар
Тиынның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Бұл жаттығу, әсіресе, кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды әрі пайдалы.

11. Жаңа журналдар
Газет-журналдар сөресіне жақындағанда мүлде назар аудармайтын журналдарды алыңыз. Мысалы, сезді сән журналдары қызықтырса, экономика саласына арналған журналды алыңыз. Басқа елдер мен саяхат туралы оқығагды ұнатасыз ба? Онда жануарлар туралы қызықты жазбаларға көңіл аударыңыз.

12. Дыбыссыз теледидар
Теледидардың дауысын өшіріп тастаңыз да, экрандағы кескіндерге қарап, диалог не монолог құрастырып көріңіз. Бұл жаттығуды достарыңызбен отырып жасаған анағұрлым қызықты өтеді.

13. Әр түрлі демалыс
Демалысыңызды тек қалада өткізіп жүрген болсаңыз, келесіде қала сыртына, табиғатқа шығыңыз. Музыка тыңдағанды аса ұнатпайсыз ба? Концерттерген барыңыз, түрлі сезімдер болары сөзсіз. Тіпті ұнамай бара жатса, кетіп қала саласыз.

14. Жаңа қарқын
Бұл жаттығуларды демалыста қолдануға кеңес береміз. Егер кез келген істі асықпай істейтін болсаңыз, 2-3 есе қарқын қосып, шапшаңдатуға тырысыңыз. Ал, егер бір орында отыра алмайтын тынымсыз болсаңыз, бәрін өте баяу атқаруға тырысыңыз. Байыппен қараңыз.

15. Әзілдер
Жаңа әзілдер мен анекдоттар ойлап табу — миға өте пайдалы. Бұл ақыл-ойдың жұмысын жақсартып қана қоймай, креативті ойлау жағын да дамытады.
1 person reacted
СУЫҚ ТИГЕНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК.

Суық тигеннен жөтел және түрлі аурулар пайда болып жатады. Егер сізді жөтел қатты қысса, ыстық сүтке бір шай қасық бал салып ішіңіз. Ал жас балаларға інжірдің тұнбасын сүтпен ішкізген пайдалы.

Ангина басталып келе жатқанда жарты лимонды қабығымен қоса асықпай шайнау керек. Бұдан соң бір сағат бойы лимон қышқылы тамақтың шырышты қабатына әсер ету үшін ештеңе жемеу керек.

Салқын тиіп, жөтел пайда болса, көкірегіңізді құрғақ шүберекпен сүртіп, ерітілген (топленного) май жағыңыз, егер қайың майы болса, оны қосып жаққаныңыз жөн. Төменде жөтелге қарсы түрлі тұнбаларды ішуді ұсынамыз.

* 10 шақты ұсақтап туралған бадана мен 1 бас сарымсақты жұмсарғанша табиғи сүтке қайнатып, азғантай бал мен жалбыз қосыңыз. Қабылдау мөлшері: күніне бір мезгіл ас қасық.

* 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық таза балды 2 ас қасық табиғи маймен араластырып, күніне бірнеше рет бір шай қасықтан ішіңіз.

* Тұрын (редька) немесе сәбіз шырыны мен сүтті бірдей мөлшерде алып, балмен араластырып, күніне алты рет 1 ас қасықтан ішіңіз.

* 1 тұрынға 10 грамм бал қосып қойып, 12 сағаттан соң пайдалануға болады. Қабылдау мөлшері: күніне 4-5 рет 1 шай қасықтан.

* 2 ас қасық май, 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық балдыShow more араластырып, күніне 3-5 рет тамақтанар алдында қолдану керек.

Жөтел қысып, мазаңызды алса, мынадай ерітінділермен тамағыңызды шайыңыз:

* Шалқанның қайнатылған шырынын қант немесе балмен (бал қолдану дұрысырақ) қосып шайыңыз.

* 1 стакан жылы суға 1 шай қасық тұз, жарты шай қасық ас содасы, 2-3 тамшы йодты қосып шайыңыз.

* Мүк жидек (клюква) шырынын сүтпен қосыңыз.

* Қызылша шырынымен шаю үшін оны ұсақ үккіштен өткізіп, шырынын бөліп алып, 1 стакан шырынға 1 шай қасық асханалық сірке суын қосып, күніне 5-6 рет шайыңыз.

* 100 грамм ұсақталып туралған сарымсаққа 100 мл. қайнаған су құйып, аузын мықтап жауып, 5-6 сағат бөлме температурасында суытып қолданыңыз.

* 1 стакан қайнаған суға жолжелкеннің (подорожник) 4 құрғақ немесе жас жапырағын салып, жарты сағаттан соң қолдануға болады. Бұл тұнбамен сағат сайын тамағыңызды шайыңыз.
1 person reacted