Сәлем қыздар ! Ораза қабыл болсын! Пахлава! -250гр маргарин,Show more -1 пиалай (кішкене кесе)сахар(шекер), -4 жұмыртқа, -Разрыхритель, -Ұн керегінше, -Грецкий орех,1 кесе, -Миіз. -1 пиалай айран(кефир) Бірінші жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратып аламызда,ағына сахар қосып көпіртіп аламыз сосын жаңғақты майдалап осы креміне араластырамыз. Алдымен маргарин мен разрыхрителді салып ұн қосып илеп аламыз сосын жұмыртқаның сарысын біртіңдеп қосамыз сосын айранды қосып ұн салып жұмсағтау етіп илейміз . Сосын 4 бөлікке бөліп 5 минут холодилникке салып қоямыз. Сосын алып төртеуін жаямыз пештің листіне лайықты етіп. Екеуін алдымен пісіріп аламыз. Ең астына піспеген тестоны жайып кремін жағамыз сосын піскенін саламыз тағы крем жағамыз,піскенін тағы саламыз исосын крем жағамыз сосын ең үстіне піспеген тестоны салып бетіне жұмыртқаның сарысын жағамыз . Кесіп ,кесілген бөліктерінің үстіне жаңғақ ғойып шығамыз. 150градуста пісіреміз. Піскенде үстіне жағатынын дайындаймыз. 1 пиалай балға 1-2 ас қасық су қосып газге қайнатып аламыз . Піскен ыстық пахлаваның үстінен балды ыстықтай сеуіп шығамыз . Ас болсын!