Кеше қалыптасқан дәстүрге сай "Астана-Бәйтерек" монументінің ұшар басында өткен, алдағы жұма күні басталатын "Жас қанат-2015" республикалық байқауының жеребі тарту рәсімін көріп келдім. Биылғы байқауғ
Show moreа қатысушылардың қатарында қыздарға қарағанда жігіттердің саны көп. Үш қыз ғана – қарағандылық Лаура Айтбаева, шымкенттік Әйгерім Тәжи және талдықорғандық Гүлнұр Рахимова іріктеуден өтіпті. Осы қыздар бір-бір облыстың намысын қорғайды екен. Қарағанды облысының атынан қатысып жатқан Лаурамен кіндігіміз бір жерде, яғни Жаңаарқа ауданында кесіліпті. Тәттімбет атындағы Өнер колледжін биыл бітіретін "Мен үшін жеңіс емес, осы байқауға қатысудың өзі қуаныш" деген қаршадай қарындасыма Қайрат, Бекболат ағалары мен Қарақат апасының жолын берсін! Байқауда соған жанкүйер боламын деп шештім. Лаула, Лаура дегім келеді.