ЖАҚСЫЛЫҒЫҢДЫ БІЛМЕГЕНГЕ ҚАЙҒЫРМА!
Адамдарға жасаған жақсылығың Қиямет күні баршаға аян болады. Сауаптарың Жәннатқа жетелеп, мақтаныш кеудеңді кернейді. Бұрын-соңды болмаған бақытқShow moreа бөленесің. Сол кезде өлім бар болған болса еді қуаныштың күшінен жүрегің жарылып кетер еді. Сондықтан, пенделер жақсылығымды түсінбеді, білмеді, бағаламады, қарымын қайтармады деп міндетсініп, қапалануың еш орынсыз! Кім жақсылық жасаса, сыйсыз қалмайды!
Алла Тағала Өзінің разылығы үшін игілік істейтіндерді былай сипаттайды: «...Оларды Алладан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің...»(«Фатх» сүресі, 29-аят); (Олар): «Шын мәнінде біз сендерді Алланың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз. Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз» дейді . («Инсан» сүресі, 9-аят)
Ізгі кісілердің бірі зағип жанға ең дәмді әрі бағалы тамақтан жегізіп, садақа берді. Үй-ішіндегілер: «Бұл зағип не жеп жатқанын білмейді де ғой»,- десті. Сонда ол кісі: «Бірақ Алла біледі»,- деп жауап берді.
Алла пен адамдар арасындағы әдет-ғұрып бірдей емес. Адамдар рақымсыз болғанымен, Алла уәдесінде тұрушы! Сыйлайтын да, сауап беретін де, есеп алатын да, жазалайтын да, риза болатын да, ашуланатын да – Оның Жалғыз Өзі!
29 people reacted
0 people reacted
24 views
20 Nov 2020
Post deleted
0 people reacted
20 views
0 people reacted
18 views
18 Oct 2020
Post deleted
0 people reacted
18 views