25 posts

«НЕГЕ НАМАЗ ОҚЫМАДЫҚ?!»

Бір Имам — қараңғы түнде бір топ шәкірттерімен бірге, таудың жолымен, жоғShow moreары қарай көтеріліп келе жатады. Жолда — жаңбыр жауып, боран соғып, шәкірттердің мазасын қашырады. Бірақ, ұстаздары тоқтауды бұйырмаған соң, оның артынан ілесіп жүре береді. Бір кезде жауын толастай бастайды. Сонда имам:

— Аяқтарыңа бірдеңе батты ма? — деп сұрайды. Шәкірттер:
— Батты, — деп жауап береді.
— Сол батқан нәрсені алған да — өкінеді, алмаған да — өкінеді, — дейді имам. Қараңғыдағы бораннан қалжыраған шәкірттердің кейбірі:
— Ақыры өкінетін болсақ, оны алып қайтеміз? — деп, табандарына батқан тас секілді нәрсені алуға ерінеді. Ал шәкірттің қалғандары:
— Аз да болса алып, не екенін — ертең көрейік, — деп, қалталарына бір-екі түйір белгісіз тасты салып қояды.

Ертеңіне таң атқан соң тасты алып қараса, гауһартас (бриллиант) екен. Сонда алмағандар: «Неге алмадық?» деп, алғандар: «Неге аз алдық?» деп өкініпті.

Сол секілді, Қиямет күні намаз оқымағандар: «Неге намаз оқымадық?» деп, ал намаз оқығандар: «Неге аз оқыдық?» деп өкінеді екен. Аллаһ Тағаладан бізді өкінушілер қатарынан етпеуін сұраймыз!
4 people reacted
Ма ша Аллах қызанақтың өзі сәжде қылып жатыр.
3 people reacted
3 people reacted
Қан жылаған жүрегіңді де, жас тамған көздеріңді де сүрте алатын бір ғана нәрсе бар. Ол- Жайнамаз!
3 people reacted