
Ұлық айда көбірек Құран хатым түсіріп, өмірден өткен мұсылман бауырларымызға Құран бағыштап тұрайық!
Show more
ҚҰРАН БАҒЫШТАУ үлгісі:
Фатиха:
Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.
Бисмиллаһир рахманир рахиим
әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин
әррахманир рахиим
мәлики йәумид диин
иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин
иһдинәс сирәтал мустәқиим
сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд дооооооллиин
(Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).
«Ықылас» сүресі
Биисмиллаһир рахманир рахим. Қуль һуа аллаһу ахад. Аллаһус сомад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакуль ләһу куфуән ахад.
(Ықылас сүресін 3-рет оқу керек)
Садақал-лаҺуль-ъазыйм. субхана роббикә роббил ъиззати ъамма ясифун уа саламун ъалал-мурсалин уалхамду-лиллаһи роббиль ъаламиин.
Иә, ұлы Алла! Осы оқылған "Фатиха", "Ықылас" сүресінен болған құранның сауабын Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (салаллаху ьəлəйһи уə сəллам), барша пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешеме, туған-туысқандарыма (аты-жөнiн айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла Тағалам! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабiр азабынан сақтап, жандарын Жәннаттық ете көр!
Раббанаа аатинаа фид-дуния һасанатан. уа фил аахирати һасанатан. уақинаа ъазаабан-наар.