Төреғали Төреәлі & Фарида Жолдасова - Қыдырып қайтайық (2016) [текст]

- Қай қала,Show more
Анкара ма, Анталия ма,
Айға ма?
Ауа жұтып қайтайық
Жай ғана.
- Жо-жоқ,
Алматы мен Астана,
Бурабай ма, Сарағашқа ма?
Жүрсем болды жаныңда,
Сайрайын бағыңда,
Қыдырсаң қасыңнан тастама!

Қайырмасы:
Алдыменен бақытқа лайық,
Өзімізге де уақыт табайық,
Қырдағы Қызылорда ғажайып.
Өмірімізді гүлмен орайық,
Ол үшін біздер бірге болайық,
Қыдырып Маңғыстауға барайық.

- Кеше де,
Бүгінгі күн ұқсамасын
Кешеге.
Серуендеп қайтайық
Көшеде.
- Жо-жоқ, мынау дархан даланың,
Неше сұлу көркем қаланың
Кереметін байқайық,
Мақтанып айтайық,
Балқашын, Касспийін, Аралын.

Қайырмасы:
Алдыменен бақытқа лайық,
Өзімізге де уақыт табайық,
Қырдағы Қызылорда ғажайып.
Өмірімізді гүлмен орайық,
Ол үшін біздер бірге болайық,
Қыдырып Маңғыстауға барайық.

Көңілсіз көнбей,
Біз біріміз бірімізден
Көп бөлінбей қыдырсақ.
Қамшының сабындай өмірде
Көз жасын төгілмей біз -
Қол ұстасып қырдан ассақ,
Сенің ғана сенім ғана,
Сен сен!

Қайырмасы:
Алдыменен бақытқа лайық,
Өзімізге де уақыт табайық,
Қырдағы Қызылорда ғажайып.
Өмірімізді гүлмен орайық,
Ол үшін біздер бірге болайық,
Қыдырып Маңғыстауға барайық.

#ТТ
1 person reacted
1 person reacted
Күйеуін тура жолға түсірген әйел

Бес уақыт намаз оқитын шынайы мұсылман қыз араққұмар бір адамға тұрмысқShow moreа шығады. «Маңдайыңа жазғанды көрерсің» демекші, тағдыр осылай етті. Құдай қосқан күйеуі күнде үйіне ішіп келеді. Тіпті сау келген күні де болған емес.
Иманына берік, дініне деген адалдығының арқасында жас мұсылман әйел күнделікті бес уақыт намазының соңынан күйеуінің тазалыққа бет бұрып, ішімдік деген ащы судан арылуын тілеп, Аллаһ Тағалаға көз жасын төге отырып дұға етумен болады.
Ай артынан ай, күн артынан күн өтіп жатты. Мұсылман әйел күйеуінің алдындағы міндеттерін тапжылмастан орындай берді. Ал, ішімдіктің соңына түскен күйеуі әдебі мол әйелінің өзіне жасап жатқан қызметтерінен мүлдем хабарсыз күй кешумен болды. Мұсылман әйел әдеттегінше намаздарының соңынан көз жасын төгіп, Алла Тағаладан күйеуінің тура жолға келуін егіле сұрауын бір тоқтатпады.
Күндегі қалпымен мұсылман әйел күйеуіне білдірместен жайлап түннің бір уағында тұрып, басқа бөлмеде намазын оқиды. Сосын артынша:
-Ей, Аллаһым! Алдыңа келіп, мына күнәһар қолдарымды ашып саған жалбарынудамын. Мені кешір, күнәларымды да кешір. Ей, Раббым! Саған көз жастарымды төге отырып жалбарынудамын. Өзіңнің разылығың үшін қылған намаздарым мен егіле төккен көз жастарымның сондай-ақ Саған деген иманымның қабыл болатындай жағдайы болса, Сенің ризалығыңа лайықты бір құлшылығым мен иманым бар болса, ей, құдіретті Аллаһым! Осылардың құрметі үшін дәл қазір төсегінде ұйықтап жатқан күйеуімді тура жолға сал, ішімдіктен жиіркендір, сөйтіп күнә жасау жолынан мүлдем арылсын. Күйеуіме тура жол бер иә, Раббым! Мейірімді де рахымды болған Аллаһым! Дұғамды қабыл ет!» - деп дұға да етеді.
Құлазыңқы күй кешкен әйел намаз оқып жатқанда, күйеуі де ұйқысынан оянады. Қараса жанында жатқан әйелі жоқ. Араққұмар адам осы сәтті пайдаланып әйелінен күмәндана бастайды. Ішімдіктің кесірінен әбден меңзең болған адам: «Әйелім қайда кетті екен», - деп оңына, солына қарап, төсегінен тұрады да үнсіз барып есіктің саңылауынан қарайды. Әйелі сәжде жасап жатыр екен. Сосын екі қолын жайып:
-Ей, кешірімі мол Аллаһым! Күйеуімді де кешіргей», - деп көз жасын төге бастайды. Аллаға дұға етіп жатқан әйелінің көз жасы күйеуінің де жүрегіне иман сәулесін ұялата бастайды. Ол да жасына ерік беріп, былайша дұға етеді:
-Ей, кешірімі мол Аллаһым! Мені кешіргей. Мына түннің жарымында әйелім мен үшін көз жасын төгіп жылағанда, мен ол жайында жаман ойларға кеттім. Әйелім менің кешірілуімді тілеп саған жалбарынып жатқанда қалайша күнә үстіне күнә жүктемекпін.
Ей, Аллаһым мені кешір! Мұнан кейін ант етемін жанұяммен бірге саған құлдық міндеттерімді орындаймын. Кешке, түнде өз үйімде әйеліммен бірге намаздарымды оқып, үйімізді нұрландыруға мен де өзімнің үлесімді қосамын», - деп Аллаһ Тағалаға сөз беріп, тәубе етеді де тура жолға қауышады. Күйеуінің мына халін көрген мінезі көркем, мұсылман тәрбиесін алған әйел сүйіспеншіліктен көз жасына ерік беріп:
-Иә, Раббым! Саған сансыз шүкірлер болсын. Күйеуімді тура жолға түсірдің. Оқыған намаздарымды, сұраған дұға-тілегімді қабыл еттің. Саған мыңдаған шүкірлер болсын Аллаһым! – деп қуаныштан шыққан тамшыларымен Аллаһ тағалаға мақтаулар мен шүкірлер айтқан үстіне айта берді.
1 person reacted
Өтірік күліп,
Жаныңgа жүріп,
Жүрекке кіріп,
Сырыңgы біліп,
Ішінен тіліп кететінgерgен сақта, Aллам!!!
1 person reacted