185 posts

13 Sep 2016
Post deleted
0 people reacted
2 Sep 2016
Post deleted
0 people reacted
5 Sep 2016
Post deleted
0 people reacted
БАКЛАЖАННАН ӨТЕ ДƏМДІ ИКРА ДАЙЫНДАЙЫҚ

Өте дəмді икра.😋😋😋 Дайындап көріңіздер, сөзсіз ұShow moreнайтын болады.

Қажетті заттар:
- 10 кг қызанақ
- 6-7 кг баклажан
- 5 кг тəтті болгар бұрышы
- 2 кг пияз
- 7-8 шт ащы бұрыш
- 0,5 кг сарымсақ
- 1 бума аскөк
- 1 бума ақжелкен
- 700-800 мл сұйық май
- 7-8 ас қасық тұз
- 12-13 ас қасық қант

1. Баклажан қабығын тазалап, ұзыншалап төртке бөліп кесеміз де, бірнеше сағатқа тұзды суға салып қоямыз. Сосын тұзды судан алып, салқын сумен бір рет жуып жібереміз.
2. Қызанақ, тəтті жəне ащы бұрыш, пияз, баклажанды еттартқыштан өткізіп, қазанға құямыз да, отты жағып, қайнай бастағанда отты баяулатып, шамамен 2 сағаттай қайнатамыз.
3. Дайын болуға жарты сағаттай уақыт қалғанда дəміне қарай тұз, қант жəне бөлек ыдыста қыздырған сұйық майды қосамыз.
4. Дайын болуға 10 минут қалғанда еттартқыштан өткен сарымсақ пен майда туралған аскөк жəне ақжелкенді қосамыз.
Жақсылап араластырып, өте баяу отта қайнап тұрған күйінде банкілерге құйып, жауып тастаймыз.
Баклажан икрасы дайын.😋😋😋
Мына рецеппен шамамен 14-15 литр икра шығады.

Ескерту:
1. астын жиі араластырып тұру қажет. Əйтпесе түбіне жабысып қалады.
2. Баклажанды еттартқыштан өткізгенде сұйықтық шығады, сол сұйықтықты ағызып жіберу керек.

АЙНУРА ИСАБЕКОВА
0 people reacted