Сен жоқ кезде...

Сен жоқ кезде жұбатқан жанымды өлеңShow more
Өксік кеудем өртеніп тынар дегем
Өлеңіме жұбанып жүрген кезде
Сен де мені ұмытқан шығар деп ем

Хабарласпай кетіп ең ұзақ күнге
Естелігім көп екен саған деген
Сан ойларға батамын айлы түнде
Уәделерің қайда деп маған берген?

Мен өзіңе қанша өлең арнағанмын
Сені ойласам құс болып самғағанмын
Бір күндері оралам деп едің- ау
Енді айтарым кешігіп қалма жаным

Кеш болмасын келгенде алып ұшып
Ұшырып алмағайсың бақыт құсын
Күт деп едің, күткеннен жалыққанда,
Менде бір күн кетермін соны түсін

Уақыт өтер сағаттар тоқтамайды
Кеткендерді ешкім де жоқтамайды
Солай бір күн ұмыт боп қаларсың- ау
Әуреге сап жүргенде сен маңайды

Аңсағаннан шаршадым сенесің бе?
Кел демеймін ,өзің біліп келерсің деп
Сағатыма қарайлап күн кешемін
Жанымда жүрген әркез елесіңмен

Есіңде ме ,сүйемін деген едің
Сол кезде шын бақытты берер дедім
Жабырқау жанарыма мұң сыйладың
Алдамшы сезім беріп неге менің?

Түсінгім келсе- дағы түсінбеймін
Бұл менің көріп жатқан түсім деймін
Бір күни оянам да, ұмытамын
Сонан соң, мен ешқашан күрсінбеймін

Солай деп, оранып ап, ақ көрпеге
Тағы да өзің жайлы түс көрсем деп
Жалығып кетер деумен жүрегімді
Сол сөзге, өзім де сәл, сенгім келет...

Саматқызы Саяжан
13 people reacted
8 Nov 2017photo updated
15 people reacted
104 views
Привет!
Пожалуйста, зайди в игру "Интерны: 3 в ряд" и помоги мне пройти уровень!
Кстати, всем новичкам главврач дарит по 100 монет!
https://vk.com/app5043886#w456245243
0 people reacted
Привет!
Пожалуйста, зайди в игру "Интерны: 3 в ряд" и помоги мне пройти уровень!
Кстати, всем новичкам главврач дарит по 100 монет!
https://vk.com/app5043886#w456245243
0 people reacted
Привет!
Пожалуйста, зайди в игру "Интерны: 3 в ряд" и помоги мне пройти уровень!
Кстати, всем новичкам главврач дарит по 100 монет!
https://vk.com/app5043886#w456245243
0 people reacted