ӨТЕ КЕРЕМЕТ САЛАТ
2 кг қызыл және сары болгар бұрыштарын ірілеп тураймыз.
Show more
1 кг алманы тілімдеп тураймыз. 1 кг пиязды жарты шеңберлеп тураймыз.
Қазанға салып араластырып, 100 мл сұйық май, 3 ас қасық бал және 1 ас қасық тұз қосамыз.
Сосын сұйықтық шығару үшін 1 сағаттай тұрғызамыз.
Одан кейін қайнай бастағаннан 15 минуттай қайнатып, банкілерге жауып, орап тастаймыз.
Қысқа арналған салат дайын.
Асыңыз дәмді болсын!