Miss Kim post pinned
11 Sep 2016
Post deleted
0 people reacted
3 сөз, өмір сүруді сұрайды - "сен маған керексің"
3 сөз, қайтып келуіңді сұрайды - "мен сені сағындым"
3 сөз, көзден жас шығаруға себепші - -"дос болып қалайықшы"Show more
3 сөз, бақытты қылады - "сен мәңгі менікісің"
3 сөз, күлуіңе себепші - "мен сенің қасыңдамын"
3 сөз, жүрегіңді жиі соғуын сұрайды - "мен сені сүйемін"
0 people reacted
Өмір жайлы

Өмір ме? Show more
Өмір жайлы менен, қалқам, сұрадың
Ендеше кел құлақ салғын, шынарым.
Өмір деген шыңға шығып бір мезет,
Қапылыста құздан төмен құлауың.
Сынықтардан бүтіндерді құрауың,
Арман болып  жете алмаған сыңарың.
Өмір деген жарық көріп бір сəби,
Бір жүректің тыныс, демі тынар күн.
Өмір деген бір құласаң, бір тұру,
Жетпегенге білек түріп құлшыну.
Адасқанда артта қалып ақылың
Өкінгеннен өксігіңе тұншығу.
Көнбістікпен күліп тұрып күрсіну.
Жас күніңде жастығыңмен қоштасу,
Шарасыздан дұшпаныңмен достасу.
Өзге жанға жасаймын деп жақсылық
Жан аямай жалаң аяқ от басу.
Өмір осы- мейірімді, қаталдар,
Межесіне жете алмаған сапарлар.
Бір ұлыңмен  майдан шебің толысып,
Жау оғынан сиреп қалған қатарлар.
Өмір-саған берілген бір мүмкіндік,
Жаратыпты құпиялап, тылсым қып.
Мəңгілікке сүрерің де қолыңда,
Болуың да өз қолыңда бір күндік.

                              
1 person reacted
28 Nov 2016
Post deleted
0 people reacted