1 post

Мамандығым, мақтанышым-мəртебем,
Сөздерімнің мағынасы бар терең.
Дертке дауа, жанға шипа болатын,Show more
Мақсатымды орындауда тер төгем.
Мамандығым, абыройым-ұжданым,
Денсаулықтың көркейту ғой гүл-бағын.
Берік болып Гиппократ антына,
Қанша жанға мүмкіншілік сыйлармын.
Мамандығым, махаббатым -өмірім,
Дертті жанға ем іздейді көңілім.
Арашалап алып қалу міндетім,
Мүмкіндігі берілгенде өмірдің.
Мамандығым, қуанышым-серігім,
Серігімнің таңдап қосқан теңімін.
Бала кезден болсам деуші ем дəрігер,
Сол арманы бүгін болған сенімім.
17 people reacted