19 posts

Post deleted
0 people reacted
Тыквенный сок с апельсином

тыква 7 кг (чистого веса, без семечек и кожуры)Show more
вода, у меня ушло 15 литров на это количество тыквы
апельсины 8 штук

сахар 1,5 кг
лимонная кислота 2 ст.л с горкой

Очистить тыкву, удалить семечки, разрезать на дольки или куски, уложить в кастрюлю вместе с мякотью (мякоть даст густоту), залить холодной водой, чтобы покрыть тыкву. Довести до кипения, разрезать пополам 8 больших апельсинов и выжать сок, кожуру тоже добавить в кипящую массу (после того, как тыква сварится, кожуру апельсинов вытащить).

Добавить по вкусу сахар и лимонную кислоту.

Когда тыква хорошо сварится, дать немного остыть. Взбить массу блендером (можно протереть через сито). Довести до кипения, снять пену, разлить в стерилизованные банки и закатать. Очень вкусный сок. Все продукты делила пополам, так как в кастрюлю всё не поместилось, выход получился 17 литров.
0 people reacted
🎂 Бикеш саусақтары торты

✅ ҚҰРАМЫ: Show more

✅ Қамырына:
🔹 Сары май немесе маргарин — 150 гр
🔹 Тұз — 0,5 шайқасық
🔹 Ұн — 1,5 стақан
🔹 Су — 1,5 стақан
🔹 Жұмыртқа — 5 — 6 дана

✅ Креміне :
🔹 Қаймақ (20-25%) — 500 гр
🔹 Қант пудрасы — 1 стақан
🔹 Ванилин

✅ Бетіне:
🔹 Шоколад — 50 гр
🔹 Сары май — 10 гр
🔹 Грек жаңғақтары — 50гр

🍴- 1. Ыдысымызды отқа қойып, су құйып, майымызды, тұзымызды саламыз. Майы ерігеннен кейін, ұн салып, бірден араластырамыз. ОТТЫ ӨШІРМЕЙМІЗ! Араластыруымызды тоқтатпаймыз. Қамыр қоюланып, ыдысымыздың түбіне жабыса бастағаннан кейін, отымызды өшіріп, басқа ыдысымызға салып аламыз.

🍴- 2. Қамырды салқындатып аламыз. Аздап салқындаған қамырға біртіндеп жұмыртқаларымызды салып отырып, миксермен араластырамыз. Егер жұмыртқаларыңыз үлкен болса 5 түйір жұмыртқа жеткілікті, егер кішкентай болса, 6 түйір жұмыртқа салыңыз.
Жұмыртқаларымыз қамырмен араласып біркелкі болуы тиіс.

🍴- 3. Дайын қамырды кондитер дорбасына салып, пергамент төселген қалыптың үстіне сығып шығамыз. Қаласаңыз, екі қасықтың көмегімен домалақ қылып жасасаңыз да болады. 200 дәрежеде ысыған пешке салып, 15-20 минут пісіріп, пештің дәрежесін 180-ге азайтып, тағы да 15 минут шамасында пісіреміз. Пісу барысында пешті ашуға болмайды!

🍴- 4. Кремін әзәрлеу үшін қаймақтың салқын және майлылығы жоғары түрін қолданамыз. Ыдысымызға салқын қаймақ, қант пудрасын және ванилин салып, 15 минуттай миксермен ұрамыз. Қаймақ қоюланып, екі есе көтерілуі тиіс!

🍴- 5. Тортымызды жинау үшін ыдысымызға қалыбымыздың шешілетін бөлігін қойып, піскен, салқындаған саусақ тектес тоқаштарымызды, кремге батырып, аунатып алып, ыдысымызға тізе береміз. Крем артық қалып жатса, үстіне құя салуға болады. Дайын тортымызды пішінін ұстап тұру мақсатында ең аз дегенде 3 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Ең дұрысы түнде пісіріп, таңертең қолданған жөн. Сол кезде кремі жақсы сіңіп, дәмдірек болады.

🍴- 6. Біраз уақыт тоңазытқышта тұрғаннан кейін, калыбын алып тастаймыз да, безендіруге көшеміз. Ол үшін, шәйнекті қайнатып, бетіне ыдыс қойып, шоколадымызды саламыз. Шәйнектің шығып жатқан буы арқылы шоколадымыз тез ериді. Еріген шоколадқа май салып, араластырымыз да, пергаментті үш бұрышты етіп орап, ішіне еріген шоколадымызды құйып, тортымыздың үстіне сығып безендіреміз. Үстіне жидектер немесе тазаланған жаңғақ қойып шықсаңыз болады.
0 people reacted
ҚЫСҚА АРНАЛҒАН ӨТЕ ДƏМДІ САЛАТ

Негізі осындай рецепт бар ма еді, əлде жоқ па еді, ол жағын білмейдіShow more екенмін. Бірақ бұл рецепті өзім ойлап тапқанмын. Ең бастысы бұл салат мен жəне отбасым үшін ең сүйікті салат.
Дайындап көріңіздер, сіздерге ұнайды деген үміттемін.

Қажетті заттар: 22 литрлік қазан үшін
- 10 кг қызанақ
- 4 кг қызыл болгар бұрышы
- 2-3 шт ащы бұрыш
- 5 кг орамжапырақ
- 2 кг сəбіз
- 1 кг пияз
- 1 литр сұйық май
- 5-6 бас сарымсақ
- 1 бума аскөк
- 1 бума ақжелкен
- 6 ас қасық тұз
- 18 ас қасық қант

Ең алдымен бəрін дайындап алу керек.
1. Қызанақ шырының дайындаймыз: қызанақты ірілеп турап, қазанға салып қайнатамыз да, суытамыз.
Суыған соң ситодан өткіземіз. Томат шырыны дайын.
2. Көкеністерді дайындаймыз:
Пияз, тəтті жəне ащы болгар бұрышы, орамжапырақты əрқайсысын бөлек тураймыз. Сəбізді үккіштен өткіземіз. Сарымсақ пен аскөкті ең соңында тураймыз.
3. Қазанға от жағып, майды құямыз да, қызған кезде пиязды салып, 10 минуттай қуырып, орамжапырақты саламыз. Орамжапырақ аздап отырғанда сәбізді саламыз.
4. Сəбіз аздап жумсарғанда бұрыштарды қосамыз. Тағы да 10 минуттай қуырамыз.
5. Сосын томат шырының құямыз. Артынша тұз бен қантты қосамыз. Сосын салат қатты қайнай бастағаннан 5 минуттай қайнатып, сарымсақ жəне аскөкті қосамыз. Тұз бен қантты дəміне қарай дұрыстап, тағы 10 минуттай қайнатамыз.
6. Стерильді банкілерге құйып, жабамыз да, төңкеріп орап қоямыз.

Мына рецеппен шамамен 14-15 литр салат шығады.

Салат дайын.

Салатты көп қайнатып жібермеңіздер, от жаға бастағаннан банкіге құя бастаған уақыттың арасы 1 сағат болуы қажет.

АЙНУРА ИСАБЕКОВА
0 people reacted
Бауырдан салат! Жеңіл, әрі дәмді салат.

✅ Құрамы: Show more

🔹 Бауыр — 300 гр
🔹 Тұзды қияр — 2 дана
🔹 Қияр — 2 дана
🔹 Қызанақ — 3 дана
🔹 Пияз — 1 дана
🔹 Сарымсақ — 2 дана
🔹 Аскөк
🔹 Тұз
🔹 Қара бұрыш
🔹 Сұйық май

✅ Асылған бауырды ұзыншалап тураймыз,тұзды қиярды да суреттегідей тұраймыз,қиярды да тураймыз, қызанақтарды дапиязды домалақтап турасаңыз әдемі болады .үстіне аскөк және сарымсақ
Тұз, бұрыш 50 мл сұйық май қосып араластырамыз.
Салатымыз дайын.

Ас болсын 😋
1 person reacted