Бауырым әйелiңе көтерме қол,
Қасыңда жүрмейдi бекерге ол.
Егер сен қиындыққа ұшырасаң,
Show more
Табады одан оңай өтерге жол.
Бауырым әйелiңдi сыйла мәңгi,
Әйелдер сыйлайды ғой сыйлағанды.
Сырқаттанып ауырып қалсаң егер,
Сенiменен бiрге ол қиналады.
Бауырым әйелiңдi бағалағын,
Әйелге қарап өсер балаларың.
Еркек деген атына кiр келтiрмей,
Дәл сенi әйелiндей бағалар кiм.
Бауырым әйелiңдi жылатпағын,
Әйелiңнен басқаны ұнатпағын.
Ұрып соғып әйелге қол көтерсең,
Қарындас пен әпкеңдi жылатқаның.
Досболат Санат.