0 people reacted
206 views
Керек еместерді жібер.
Керек адамдар өздері қалады.
1 person reacted
129 views
Ауыр болса-шыда,айтты ма-тыңда,қиын болса-қиналма, есіңде болсын бұл өмір.
2 people reacted
106 views
Дұға - құлшылықтың мәйегі.
Дұға - адам жанының рухани азығы.
Дұға - әлсіз бен мұқтаждың сондай-ақ, шарасыздың қорғаны. Show more
Дұға - Хақ тағаланың түгесілмес қазыналарының құпия кілті.
Дұға - Шарасыздығын түсінген пенденің жүрекжарды тілектері.
Дұға - Аллаһ тағалаға иман мен тәуекелдің және шынайы сенімнің айқын нышаны.
3 people reacted
98 views
Таңдарың асығып атқасын,
Кеудеңде жамандық - жатпасын.
Сабырлық, амал мен садақа,Show more
Жақсы іс жаныңа - жақтасың...

Ешқашан, ешкімді - алдама!
Алдасаң - адасып қалғаның.
Өсектеп, адамды қарғама!
Ұмытпа! Сынағын - АЛЛАНЫҢ...

Алдыңа айналып келеді,
Жамандық жасама, ешкімге.
Тепсең сен - сені де тебеді,
..Жауапсыз қалмайды ешбір де..

Уақытты - берілген үнемде!
Мал емес, парызды түгенде.
Дүние - келеді, кетеді,
Тұрмайды ешқашан - жүгенде.

Көк қағаз болмасын бар қайғы,
Жаратқан параны алмайды.
Көк қағаз көбіне - жетпейді,
Жетсе де.. Айызы қанбайды...

Ажалың - келеді күн ара,
Кінәлә, өзіңді кінәлә..
Әр сағат санаулы - өмірде,
Жазылар сауап та, күнә да...

Әр сағат санаулы - өмірде,
Сақтап ал, санаңа, көңілге.
Қойса да артыңнан алтын тас,
Жол бермес жұмаққа - өлімде...

АЛЛАның арқасы таң атты,
Таң атса - батады кешің де.
АЛЛАмыз - пендені жаратты,
Тұрсын-ау, мәңгілік есіңде...

Азанмен таңдарың - қуатты.
Намазбен күндерің - шуақты.
Жалғанда - парызды өтесең,
Жұмақтан табасың - шын бақты...

Бір АЛЛА жаратты - уақытты,
Бір АЛЛА сынақпен артыпты...
Иманды пәк, таза жүрекке,
Бір АЛЛА бұйырар - жақ құтты...
Бір АЛЛА бұйырар - бақытты...

Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
3 people reacted
91 views