Ет – 1 кг Пияз – 2 дана Сәбіз – 1-2 дана Болгар бұрышы – 2 дана Картоп – 5-6 дана; Орамжапырақ Қызанақ 2 дана Тұз Дәмдеуіштер дәміне қарай
Дайындалуы:
Қазанды қыздырып, туралған етті саламыз. Пиязды ірі етіп турап еттің үстіне саламыз. Сәбізді де ірілеу етіп турап саламыз да артынша картоп пен болгар бұрышын салып , үстінен қызанақты саламыз. Тұз және де дәмдеуіштерді себеміз. Ең бетінен орамжапырақты айналдыра салып, бір стакан су құйып бұқтырамыз.