7 posts

Конкурсқа Мехрибаным жаным АНАМ
Кешіріңіз мені Ана сол жылдар үшін!!!
0 people reacted
21 views
#Конкурс Мехрибаным жаным АНАМ
0 people reacted
7 views
3-тур

#Конкурска Мехрибаным жаным АНАМ Show more

Мехрибаным жаным АНАМ

Мама тағдыр жылатты қара көзіңді сенің
Жүректен жоғалып кетті, мейірім және сенім
Жалғанға тағы сеніп, алданды бала жүрегім
Болмасаң жанымда сен, алданып тағы жүремін

Тыңдашы жырын анашым, хабарсыз кеткен ұлыңның
Өзгеріп тіпті кетіппін, бала емеспін бұрынғы
Тағдырдың ұзын жолында, адасып ақыл тапқан
Айналды балаң адамға, тәуелсіз ақымақтан

Ересек өмір заңы, желкемнен алды менің
Сондада сына қоймадым, жібермей арым менің
Уақыт өте келе ажырата бастадым
Ақ қара және тағы басқаны

Қартая бастадың мама, ойланып үнемі бізді
Қыйнаған тағдырдың әні, өзіме күн тізбе тізді
Сезімдер мүлдем басқа, жүректен мүлдем тастан
Біреуде қызық көктем, ал менде күзгі

Сезімде мені, қыйнайды сағым
Кеудеме менің, сыймайды жаным
Мен сені сүйемін мама
Анашым менің

Анама

Өзіңді анам өмірде, ренжіткен жерім көп. Әжем келін дегенде, менде жүрдім келін деп. Кейде шексіз еркемін, сөзін естіп атаның. Құрдасыңдай мен сенің атыңдыда атадым. Қандай ыстық сезімің, мен 1 көңіл бөлмедім. Мол екен ау төзімің, сондада еш жек көрмедің. Ене сырын ұғып шын, ор көңілін қия алмай, 21 жыл жүріпсің өз ұлыңды сүйе алмай. Ескертуді білмеген тентектігім көп дейтін, таяқ жедім 1 сенен мәңгі есімнен кетпейтін. Ұрдың мені амал жоқ, қателік боп ісімде, ұрдың мені АНАМ деп айтпағаным үшінде. Батсада дым жаныма, неге ұрдың дер ме едім. Қайталашы тағыда қайтпай жүрсе еңбегің. Ес білгелі сөзің жоқ, айналудан жаңылған. Бірақ менің кезім көп, қаталдықты сағынған. Бойға шаттық дарыған, білмен қапалануды. Осы күні сағынам, сенің шапалағыңды. Зулай берсін ай, апта, тек еске алып өтемғо. Сенен жеген таяқта тәтті болады екенғо. Қалмадым бірге жаныңда болмадым сенің ермегің. Шаршап 1 жүрген шағыңда, дайындап шәйің бермедім. Ауырып көп түн қыйналдың, қасыңда тағы болмадым. Алысттан қатты сыйладым, алыстан хаттар жолдадым. Сен үшін білем дым ауыр, көп көштің кеттім ішінде. Мен үшін азғой 1 ауыл, сөкпеші, мені түсінде. Кешірші мені мама жәннәтім. Бұйырса ораламын жаныңа өмірдегі бар байлығым. Сүйем сені мама
0 people reacted
6 views
Брат
2-тур

#Конкурска Мехрибаным жаным АНАМ Show more

Жан АНА

<Ана> бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы теңіздің тереңдігіндей, дүниедегі ең, ең қымбатты сөз. Анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар.

Мен үшін Анамның орны бөлек. Ана деген қымбатты, ардақты жанғой. Менде өз анамды құрметтеймін, сыйлаймын, жақсы көремін. Анама мыңда бір алғыс айтқым келеді. Мені 9 ай, 9 күн көтеріп, жарық дүние сыйлап, ақ сүтін беріп, еркелігімді көтеріп, ешкімнен кем қылмай өсіріп, осы кезіме жеткізгеніне алғысым шексіз. Анамның өзінің қартайғанын, денсаулығының нашарлағанын айтқанда жүрегім ауыратын. Анашыма ұзақ өмір, денсаулық тілеймін. Әрдайымда жанымызда күлімдеп, немере мен шөберелерінің қызықтап отырсын. Анашым бұл өлеңді сізге арнап шығардым.

Анашым менің жүрегімнің бөлігі
Әр күнімді жадырататын оның күлгені
Сіздің амандығыңызды әрқашан тілеп өтемін
Қартайғанда бағып сізді күтемін

Ана деген әрқашан өз баласының саулығын ойлап, өз денсаулығын ұмытатын. Баласының тоқтығын ойлап, өзі аш қалатын. Баласын киіндіріп, өзі ескіні киетін. Баланың оқуы деп, өзіне ақша жұмсамайтын. Баланың тойы деп, бәрінен қарызданатын. Әрқашан балам деп жүретін АНАЛАРЫМ АЙ! Ұл қыздарыңыз сіздей аналардың қадірін біліп, ешқашан қарттар үйінің есігін көрсетпесін. Аналар нағыз адал жандар. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен анасын қадірлей білу керек.

Аналарымыз біздің жәннәтіміз бауырлар!!!
0 people reacted
3 views
10 Jul 2018
Post deleted
0 people reacted
3 views