Адам маған ұнайды қылығымен,
Толқынымен ұнайды, тұнығымен.
Біреулері тоңдырса шылығымен,
Біреулері жылытады жылуымен,
Адама маған ұнайды қылығымен.
Мен де адамға ұнаймын мінезіммен,
Мың сойқандық аттанар бір өзіммен.
Жақын тартса, біреулер сыртқа тепсе,
Өкінбеймін, өйткені кінә өзімен.
Өкпелетті талайлар, өкпелеттім,
(Өкпелетіп адамды көктемек кім?!)
Жақсылық па?
Жүгірем құшақ ашып,
Жамандық па?
Оған да бетпе-бетпін.
Көзімен де, көңлімен баяндаған,
Адамдардың мінезі аян маған...
Қандай бақыт!
Солардың арасында
Жетер жерге жеткенше аяндаган.
Толқынымен ұнайды, тұнығымен.
Біреулері тоңдырса шылығымен,
Біреулері жылытады жылуымен,
Адама маған ұнайды қылығымен.
Мен де адамға ұнаймын мінезіммен,
Мың сойқандық аттанар бір өзіммен.
Жақын тартса, біреулер сыртқа тепсе,
Өкінбеймін, өйткені кінә өзімен.
Өкпелетті талайлар, өкпелеттім,
(Өкпелетіп адамды көктемек кім?!)
Жақсылық па?
Жүгірем құшақ ашып,
Жамандық па?
Оған да бетпе-бетпін.
Көзімен де, көңлімен баяндаған,
Адамдардың мінезі аян маған...
Қандай бақыт!
Солардың арасында
Жетер жерге жеткенше аяндаган.