281 posts

Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз - құрттар тек дәмді жемістерге жабысады!
1 person reacted
78 views
Теңіздей сұлулықтан - бір тамшы бақыт артық.
Сан жетпес байлықтан - бір таза жүрек артық.
Мыңдаған бос сөзден - бір шындық сөз артық. Show more
Көп атақ-абыройдан - бір шымшым иман артық.
Жүз жалған достан - бір адал дос артық.
Мың хор қызынан - бір сүйікті жан артық.
0 people reacted
41 views
0 people reacted
29 views
Сен мына — жанарымның ішіндесің, 
Жанардың білесің ғой кішірмесін. 
Ішіне жанарыңның сақта меңі, Show more
Біреулер көлеңкесін түсірмесін! 
Сен менің — мына тылсым кеудемдесің, 
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. 
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта, 
Біреулер көкпар қылып өңгермесін! 
Сен мына — тілімдесің, үнімдесің, 
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін. 
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт, 
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін! 
Сен мына — менің алып басымдасың, 
Білесің, ешкім де оны басынбасын. 
Сен мені өз басыңмен бірге қорға, 
Біреулер зұлымдығын асырмасын! 
Сен — менің миымдасың! 
Білесің, миым жатқа бұйырмасын. . 
Миыңның бір жеріне жасыр мені, 
Қиылсын өмір солай… Қиылғасын!.. 
Алдынан терезеңнің жүріп өттім, 
Сен мені байқадың ба, құдіреттім? 
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында? 
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті. 
Heгe өртенді? 
Жүрегім неге өртенді?! 
Нелер келіп, басыма нелер төнді... 
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең, 
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді? 
Қайран көктем, 
Қайран гүл, қайран жазым! 
Сарқылған ба, шынымен сайран-назың? 
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан? 
Айдынымда қанатын жайған қазым. 
Көзің қайда көшеден мені іздеген, 
Сөзің қайда жанымыз егіз деген? 
… Терезеңнің алдына келіп тұрмын, 
Көгершіндей, 
Қысты күн… жем іздеген...

• М. Мақатаев
1 person reacted
24 views
Əке-білек, саусағы балалары,
Қантамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бəріне де, Show more
Тіршіліктің жылуы таралады.

(с) Фариза Оңғарсынова
0 people reacted
22 views