13 posts

*Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтар*

Құрбан Айт мейрамының қарсаңында өткен жылдардағы тәжірибемізге сүShow moreйене отырып, жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын жариялап отырмыз.

Сұрақ: Мұсылмандардың Құрбан айт мейрамы таяп келеді. «Құрбан» деген сөз нені білдіреді?

Жауабы: «Құрбан» сөзі «жақындау», «жақын болу» дегенді білдіреді. Діни термин ретінде бұл белгілі бір уақытта Алла Тағалаға ғибадат жасау ниетімен малды құрбан шалу дегенді білдіреді.

Сұрақ: Биыл Құрбан айт мейрамы қай күнге келіп тұр?

Жауабы: Биыл Құрбан айт мейрамы 11-ші тамызға келіп тұр.

Сұрақ: Мен Құрбан айттан бұрын ораза ұстауға болатынын естідім. Сол жайында айтып берсеңіз.

Жауабы: Көптеген хадистерде айтылғандай, Зүл-хиджа айының алғашқы он күні Аллаға құлшылық қылып, игі амалдар жасауға ең берекелі күндер болып саналады.

Басқаларын айтпағанда, ең кең тараған ғибадаттардың бірі ораза болып табылады. Әсіресе, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапа күні ораза ұстаудың маңызы зор.

Имам Муслим жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«(Сол күнгі ораза) өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады».

Сұрақ: Малды құрбандыққа шалудың үкімі қандай?

Жауабы: Ханафи мазхабына сәйкес, құрбандық шалу уәжіп(міндет) болып табылады. Оған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел бола алады:

«Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар, 108:2).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі бар:

«Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын».

Сұрақ: Құрбан шалу кімдерге уәжіп?

Жауабы: Құрбан шалу уәжіп болуы үшін ол адам:

- мұсылман болуы керек;

- жұмысқа қабілетті болуы қажет;

- кәмелеттік жасқа толған болуы тиіс;

- еркін болуы керек;

- муқим болуы керек, яғни сапарда болмауы керек;

- зекет төлейтіндей негізгі қажеттерден тыс дүние-мүлікке ие болуы қажет.

Сұрақ: Қандай малды құрбандыққа шалуға болады? Қандай малдар құрбандыққа жарамайды?

Жауабы: Құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына жататындар:

Қой мен ешкі бір жасқа, ірі қара мал екі жасқа, ал түйе бес жасқа толған болуы керек.

Бұл малдардың толықтай дені сау болуы қажет, мынадай кемшіліктері болмауы тиіс:

Сұрақ: Мен Құрбан айтқа бір қой алып едім. Бірақ, ол піштірілген болып шықты. Мен оны құрбандыққа шала аламын ба?

Жауабы: Піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады. Абу Рафи' былай деген:

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі ақ-қара түсті піштірілген қошқарды құрбандыққа шалды» (Ахмад).

Сұрақ: Мейрамның алғашқы күнінен кейінгі күндерде құрбандық шалуға бола ма?

Жауабы: Құрбандықты айт намазынан кейін шалу керек. Бірақ, қандай да бір себептермен бірінші күні құрбандық шала алмаған адам, екінші күні және де үшінші күні, күн батқанға дейін құрбан шалуына болады.

Сұрақ: Бірнеше адам бірігіп құрбандық шалуына бола ма?

Жауабы: Әрбір адам бір қой немесе ешкіні құрбандыққа шала алады. Бір ірі қара малды немесе түйені бір ғана адам да, сонымен қатар жеті адамнан тұратын бір топ адам да құрбандыққа шала алады. Оған қоса, олардың жетеуі де құрбан шалуға ниет етуі қажет. Джабир риуаят еткен, Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады және түйе де жеті адамның атынан құрбан шалынады» (Әбу Дауд, ән-Насаи).

Сұрақ: Құрбан малы қалай шалынады?

Жауабы: Құрбан шалмас бұрын ниет етіп, бір орын дайындап, пышақты қайрап қою керек. Пышақты құрбандыққа шалынатын малдың көз алдында қайрауға болмайды, бұл - мәкрух. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап, малды рахатына қауыштырсын» (Муслим).

Құрбандыққа шалынатын малды қырынан жатқызып, басын құбылаға қаратады. Содан соң дұға ретінде мына аятты оқиды (оқу міндетті емес, абзал):

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»

«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ» де.

Содан соң тәкбір айтқан абзал:

«Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, ля иляхаилляЛлаху, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, уалилляхил-хамд»

Содан соң «Бисмилляхи, Аллаһу Акбар!» деп, мал бауыздалады. Малдың жаны шыққаннан кейін ғана оның терісін алып, етін бөлшектеуге болады.

Сұрақ: Малды бауыздамас бұрын сүре оқыту үшін имамды (молданы) шақыру қажет пе?

Жауабы: Малды бауыздау кезінде имамның(молданың) болуы міндетті емес. Сүре мен дұға оқу да міндетті емес. Ең бастысы, малды бауыздау кезінде «Бисмилляһ. Аллаһу Акбар!» десе жетіп жатыр.

Сұрақ: Құрбандыққа мал алып соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде таратуға бола ма?

Жауабы: Құрбандық шалу – бұл Аллаға құлшылық жасау әрекеті. Бұл рәсімнің тарихы сонау Ибрахим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) кезінен бастау алады. Алла Тағала Ибрахим Пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) сынау үшін және барлық мұсылмандарға Аллаға бағынудың үлгісін көрсету үшін оған ұлы Исмаилды (оған Алланың сәлемі болсын) құрбандыққа шалуға әмір етеді. Ибрахим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) ұлын құрбандыққа шалуға дайын тұрғанда, Алла Тағала оның Өзіне бой ұсынуын сынағаннан кейін, құрбандыққа шалуға жерге бір қошқарды түсіріп, Исмаилдің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірін сақтап қалған.

Қазіргі кезде біз құрбандық шалу арқылы Ибрахим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сондай үлкен құрбандыққа баруға дайын болғандығын еске аламыз. Сондай-ақ, Алла Тағала Исмаилдің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс ретінде құрбан шаламыз. Құрбан шалу арқылы адам Аллаға түгелдей бағынатынын және Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) жолымен жүретінін көрсетеді. Сол себепті, құрбан шалу үрдісінің өзі маңызды. Малдың құнын ақшалай беруге болмайды.

Сұрақ: Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?

Жауабы: Өзіңіз шалғаныңыз абзал (сүннет). Бірақ, егер сіз өзіңіз малды соя алмайтын халде болсаңыз, оны сіздің атыңыздан союға біреуге өкілдік беруіңізге болады. Дегенмен, ондай жағдайда да рәсімнің басы-қасында өзіңіздің тұрғаныңыз абзал.

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың атынан құрбандық шалғанда, оған рәсімнің кезінде қасында тұруын өтініп, құрбандыққа шалынып жатқан малдың бірінші қаны тамған бойда, оның бұрынғы күнәларының бәрі кешірілетінін айтқан» (Ибн Хиббан).

Бірақ, құрбан шалу рәсіміне қатысуға мүмкіндігі жоқ адам болса, ниет етіп, құрбандыққа шалынатын малдың ақшасын біреуге беріп, өзінің атынан құрбан шалғызуына болады.

Сұрақ: Ет қалай үлестіріледі? Оны түгелдей таратып жіберу қажет пе?

Жауабы: Құрбандыққа шалынатын малдың етін үш бөлікке бөлген абзал (мустахап). Бір бөлігін өзіңізге, отбасыңыздың пайдалануына алып қаласыз, екіншісін қонақтарға асып беруге алып қалған жөн, үшінші бөлігін жоқ-жітіктерге таратқан абзал. Десе де, түгелдей таратып берсеңіз де болады.

Сұрақ: Малдың терісін не істеу керек?

Жауабы: Малдың терісін өзіңіздің қажеттілігіңізге алып қалсаңыз болады немесе садақа ретінде берсеңіз де болады. Теріні сатып, ақшасын өзіңіз пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бірақ, сол ақшаны садақа ретінде таратуға болады.

Сұрақ: Құрбан айтты қалай өткізу керек?

Жауабы: Құрбан айтта мерекелік ас пісіріп, туған-туысқандарыңызды, достарыңызды шақыруыңыз қажет. Өздеріңіз де ағайындарыңыздың үйлеріне қонаққа баруыңызға болады. Ең бастысы, оның мейрам екендігі білінуі тиіс.

Сұрақ: Құрбандыққа шалынған малдың етін мұсылман емес адамдарға берсе болады ма?

Жауабы: Құрбандыққа шалынған малдың етін мұсылман еместерге берсе болады. Құрбандықтың етін тарату тек мұсылмандармен ғана шектелмейді.

*azan.kz*
0 people reacted
27 views
КАК ЗА 5 МИНУТ УЗНАТЬ ЛИЧНЫЕ ТАЙНЫ ЧЕЛОВЕКА, ДАЖЕ ЕСЛИ ВИДИШЬ ЕГО ВПЕРВЫЕ😉
Show more
Я, улыбаясь, смотрел на совершенно незнакомую мне девушку и видел как ее глаза широко раскрываются от удивления. Еще бы) Ведь только что я поведал ей очень интересные подробности из ее жизни. Описал характер, привычки, даже правильно определил ее прежнюю сферу деятельности.

А что ты скажешь, узнав, что эту девушку я впервые в жизни увидел за 10 минут до этого? Нет, я не гипнотизер, не маг-шарлатан и даже не настоящий волшебник.

На самом деле всё гораздо проще….

Я обычный человек. Такой же как и ты. Просто мне повезло оказаться в нужное время в нужном месте. И познакомиться с человеком, который кардинальным образом изменил мою жизнь.

И этому человеку благодарен не только я, но и десятки моих коллег, с которыми мы недавно собрались в одном из ресторанов.

Продолжай читать и чуть позже я расскажу тебе о нашем учителе подробнее.

Кстати, на встречу мы пригласили журналистов, ведь они давно проявляли интерес к этой теме.

Но легкая ирония сквозила буквально в каждом заданном нам вопросе.☺

И тогда для чистоты эксперимента мы решили пригласить ту самую девушку, чтобы рассказать как можно больше информации о ней, просто на нее взглянув.

Девушка работала в этом ресторане официанткой. И, повторюсь, друг друга мы видели первый раз в жизни.

И пусть для нее это было чуть ли не волшебство, для нас же - очередной случай из практики. Мы - практикующие Соматипологи и всех нас обучал лучший специалист в данной сфере.

Константин Шадрин. Ученый, ведущий типолог России. Эксперт федеральных каналов (ОРТ, РТР, Рен ТВ, НТВ), автор более 30 трудов, преподаватель МГТУ им. Н.Э. Баумана, спикер Сколково, автор книг «Твоя вторая половинка. Как ее узнать», «За что Марс любит Венеру», «Выбор дела по душе» и «Соматип и его здоровье».

Его команда сотрудничает с Правительством РФ и крупными компаниями.

Каждому из нас в свое время посчастливилось пройти бесплатный тренинг Константина Шадрина “Профессия Соматиполог”. И, собравшись вместе, мы рассказывали друг другу истории своей жизни, обменивались опытом.😊

Кто-то, благодаря Соматипологии, смог детально разобраться в себе и найти свое истинное предназначение. Кто-то сменил надоевшую низкооплачиваемую работу на прибыльное собственное дело, став профессиональным Соматипологом.

Журналисты ушли, как нам показалось, слегка озадаченными. Но мы готовы к абсолютно любой критике, потому что знаем - Соматипология работает. Работает именно как наука о связи характера человека и типа его телосложения.

Я не предлагаю верить мне на слово. Убедиться в моей правоте ты сможешь, абсолютно ничем не рискуя. Для этого тебе достаточно принять участие в бесплатном тренинге Константина Шадрина “Профессия Соматиполог”.

Если ты действительно хочешь:

- Понять свои сильные и слабые стороны, узнать, что тебе будет даваться очень легко, что сложно, в чем лучше развиваться;
- Научиться читать людей, их характер, заранее знать, что от них можно ожидать, влиять на них;
- Избавиться от депрессий, стресса и вопроса “чем мне заниматься, чтобы и интересно было, и деньги платили?”;
- Научиться делать выбор, о котором потом не будешь жалеть;
- Понимать и устранять источники своих беспокойств, проблем, плохого настроения;
- Зарабатывать на этом от 60 тысяч рублей в месяц.

То переходи по этой ссылке:
https://vk.com/app5898182_-184746261#u=659759&s=3..

Нажимай кнопку «Разрешить» и внимательно прочитай сообщение, которое придет тебе в личку.

Действуй!

У тебя появился реальный шанс изменить свою жизнь, не упускай его! ⭐
0 people reacted
7 views
27 Jun 2019
Post deleted
0 people reacted
12 views
✅ ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды ✅

ҚҰЛПЫНАЙ - саулығыңызды сақтайды, ағзаңызды тазалайды, теріңіздіShow more жасартады. Қазір құлпынай қолжетімді бағада. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. иллюстрациялық

Құрамы С, К, РР және В тобындағы дәрумендер мен калий, кальций, фосфор, магний, натрий, мырыш, темір сияқты минералды заттарға бай құлпынайдың емдік қасиеті өте зор. Ол халық емінде бірнеше дертке дауа ретінде кеңінен қолданылады.

✅Атап айтқанда:
🍓 балалардағы іш өту мен қаназдық кезінде;

🍓 авитаминоз бен иммунитет төмендегенде; жатырдан қан кеткенде;

🍓 жұтқыншағыңыз ауырып, аузыңыздан жағымсыз иіс шыққанда;

🍓 йод пен темір тапшылығында;

🍓 қант диабеті мен буыны ауыратындарға құлпынайды көбірек жеуге кеңес береміз.

✅ Балғын құлпынай

Жүрек қан-тамыры ауыратындарға күніне 1 стақан балғын құлпынай жеуді ұсынамыз. Бүйрегінде тасы бар науқастар күніне 300 гр. құлпынай жесе, тасы еріп түседі; Экземадан зардап шеккендерге де құлпынай ем болады. Ол үшін балғын жемісті жараңызға жақсаңыз болғаны; Артық салмақтан арылғысы келгендерге де құлпынай көмектесе алады.

✅Құлпынай шырыны
1. Егер күніне ашқарынға 50 мл құлпынай шырынын ішетін болсаңыз, өт ауруларының алдын аласыз. Осы емді құлпынайдың пісетін мезгілінде күн сайын үзбей қолдансаңыз, өтіңізге тас байланбайды, қисаймайды, толмайды әрі қабынбайды. Бар-жоғы 50 мл құлпынай шырыны өт ауруын түбегейлі ұмыттыратынына сеніңіз. 2. Ал егер күніне 3 рет тамақтанудан алдын құлпынай шырынын ішетін болсаңыз, бүйрегіңіздің саулығын ұзақ уақыт сақтай аласыз. Ол үшін 1 стақан жеміс шырынына 2-3 тамшы лимон шырыны мен жарты шай қасық қант қоссаңыз жеткілікті.

✅Құлпынай тұнбасы иллюстрациялық

Микроб пен бактерияны өлтіріп, түрлі аурумен күресетін күш береді. Емдік қасиеті мол жеміс тұнбасымен ауыз қуысын, жұтқыншақты, тыныс жолдарын шаюға және несеп шығару жолдарын тазалау үшін ішке қабылдауға болады. Тұнбаны дайындау үшін: таза піскен 5 дана құлпынайды 200 мл қайнаған суға салып, бетін мықтап жабасыз. Ыдысты сыртынан жылы орап, жарты сағаттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды шайсаңыз жөтел әп-сәтте жазылады, ауыз қуысындағы жаралар, жағымсыз иістер кетеді. Ал егер бұл тұнбаны ішсеңіз, несеп жолдары тазаланып, кіші дәрет арқылы шлактан құтыласыз. Құлпынай жапырағының тұнбасы – жүйкені аурудан қорғайды. Ол үшін 1 ас қасық ұнтақталған кепкен жапырақты 200 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты шай қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған тұнбаны жылы күйінде күніне 3 рет ішу керек. Бұл тұнба іш өткен кезде, тамақтан уланғанда, ішекке инфекция түскенде керемет ем болады.

🍓
0 people reacted
7 views
☝ Сарымсақ қоспасы көптеген ауруларға ем ☝

Бөтелкеге қызыл вино толтырып ішіне 12 дана сарымсақты (чеснок) 4-ке бөShow moreліп турап саламыз, осы дайындалған қоспаны 2 аптаға күн нұрына қоямыз, күніне 2-3 рет қозғап тұрған жөн.
2 аптадан соң қоспаны Күн нұры өтпейтін қара бөтелкеге құйып қойыңыз.
Осы қоспаны шәй қасықпен күніне үш реттен бір ай бойы ішіп тұрсаңыз.
Организмнен токсинді тұздарды тазалайды, күш қуат береді, қанды тазалайды, иммунитетті жақсартады, қан тамырларын қатайтады. Жүрекке өте күшті күш қуат береді, қанды тазалап организмді қалпына келтіреді. Артық майдан арылтып тамақ қорту жолдарын туралайды. Әйелдік ауруларды емдейді. Бүкіл организмді керек емес улы заттардан, токсиндерден тазалай
0 people reacted
5 views