Информация о паблике

Саят Әбенов шығармашылығы фото
  • VK ссылка:public124835582
  • Тип сообщества: открытое

Участники (934)

Саят Әбенов шығармашылығы

Описание: Менің анкетам:

Қай жақтансыз?
Торғайданмын,
Тек Аллаға қол жайғанмын!
Руыңыз кім?
Бөлінбеймін...
Бөліну - ол өлім деймін.
Ақыныңыз?
Ахан-Жахан,
Жыр күші бар атанға тəн.
Файзолла бар, Сырбайым бар,
Ғафу, Нұрхан - дүр шайырлар!
Ал айтыстан - Қонысбай бар,
Айбек елдік борышты ойлар!
Батырыңыз?
Аманкелді,
Алған талай қамал, белді...
Тұлғаңыз кім?
Кейкі батыр...
Жəнібек бар ейй, тұра тұр!
Айта берсем тұлғалар көп,
Билік елеп, тыңдаған жоқ!
Болмаса да жарнамасы,
Әнші, балуан әр баласы...
Өкінішің?
Өкінішім...
Күйіп- жанып отыр ішім.
Қостанайды сілкіндірген,
Татулықтың кілтін білген...
Батыр бар ма Беріктейін?
Үлгі тұтып, еліктейін.
Тұрды биік тұғырлары,
Болды қысқа ғұмырлары
Мықтылардан тез айрылдық,
Өкінішім - бұның бəрі.
Арманыңыз?
Жасырмадым...
Торғайымның басында - мұң.
Тілейді жұрт сол Торғайдың,
Облыс боп ашылғанын!