Информация о паблике

Қазақтелеком фото
  • VK ссылка:public53652407
  • Тип сообщества: открытое

Участники (993)

Қазақтелеком

Описание: Достар! Біз абоненттерімізбен арадағы қарым-қатынасты бағалаймыз және осы себептен біз әлеуметтік желілерде ресми парақшаларымызды аштық.

Осылайша, біз сіздермен маңызды әрі қызықты ақпараттармен бөліспекпіз. Тарифтердің төмендеуі, тариф жоспарлары жағдайының жақсаруы, компанияның ішкі тіршілігі, жаңа қызметтер мен акциялар туралы хабарлайтын боламыз, телекоммуникациялар туралы қызықты әрі пайдалы материалдар жариялаймыз.

Біздің бетке жазыла отырып, сіз:

• «Қазақтелеком» жаңалықтарын алғашқы болып біле аласыз;
• телекоммуникациялар туралы пайдалы да қызықты контентті, «Қазақтелекомның» контенттері оқи аласыз;
• өз пікірлеріңізді, ұсыныс-тілектеріңізді қалдыра аласыз;
• қызметтер туралы сұрақ қойып, компаниямен тікелей хабарласа аласыз.

Біз бір-бірлеріңізді құрметтеуге және өзара әдепті сақтауға шақырамыз және төмендегі жайттарды еске сақтауды айрықша өтінеміз:

1. Біздің парақшамыз, ең алдымен, сіздермен маңызды және қызықты ақпарат бөлісудің тәсілі және абоненттерге кері байланыс берудің мүмкіндігі болып табылады.

Біз сіздерге әрқашан көмектесуге дайынбыз. Алайда, техникалық сипаттағы жиі кездесетін мәселелер бойынша, ең алдымен, Абоненттерді қолдау қызметіне 160 нөмірі (Жөндеу қызметі – 165) бойынша хабарласу қажет. Техникалық қызметтер проблеманы жедел анықтап, оны шеше алады.

Егер Қолдау қызметіне өтініш жасағаннан кейін де қосымша сұрақтарыңыз қалса, онда проблеманы осы жерде сипаттап беріңіз. Біз сіздерге көмектесуге тырысамыз. Мәселені нақты, айқын және ықшам жеткізуге тырысыңыздар, бұл шарттар нәтижені жылдамдатады.:)

2. Біз сын-ескертулеріңізді тыңдауға дайынбыз. Сындарлы сын-ескерту бізге өсуге, дамуға ықпал етеді.

Осы себептен парақшада «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне қатысты кез-келген пікір негізді және фактілерге сүйене отырып жеткізілсе, біз оны қабылдаймыз. Сіздерден тек сұрайтынымыз: қызметтерге қатысты проблема туындаған жағдайда, мәселені нақты және ықшамды түрде баяндап, өзіңізбен байланысу ақпаратын толық қалдырыңыздар (жеке хабарламаларда да болады).

3. Сіздерді мәдениеттілікке, әдептілікке шақыра отырып, біздің парақшаларда пайдаланушылардың, топ әкімшілерінің біріне немесе «Қазақтелеком» компаниясына қатысты ар-намысқа тиетін лексиканы пайдалануға тыйым салынатынын айтамыз.

Көрсетілген тармақ бұзылған жағдайда, ар-намысқа тиетін сөздер жазылған хабарламаларды біз алып тастаймыз, аталмыш тыйым бірнеше рет бұзылған жағдайда – пайдаланушының бетке кіруіне тыйым саламыз.

4. Қатысушылар атынан парақшаларда орналастырылған барлық ақпарат олардың авторларының жеке пікірін ғана білдіреді. «Қазақтелеком» АҚ басқа пайдаланушылардың хабарламаларына жауапты емес.

Назарларыңызға рахмет!